Ана

Содержимое материала:

Қызылорда облысы.

Жаңақорған ауданы.

№ 110 қазақ мектеп-лицейі.

Әлібеков Тұрсынхан

Ана

Айналайын атыңнан «Ана» деген. Сол сезімді оятар «бала» деген. Ең қымбатты Ана, ыстығына күйген, суығына тонған алтындай анаңды, ардақтай біл! Жыл сайын табиғаттың әсем де тамаша мезгілімен 8 –наурыз халықаралық әйелдер күні тұспа-тұс келеді. Мұның өзіндік сыры бар. Дүниенің өзегіне өң беріп, көк желекке бөлеген көктем болса, дархан тіршіліктің тамырын соқтыратын –Ана! 1913 жылы 8-наурызда Санк-Петербургте тұңғыш рет халықаралық әйелдер күні атап өтілді. Содан бері жыл сайын біздің елімізде осы күн ерекше салтанатпен аталып өтіледі. Біздің елімізде ана әйелге деген сүйіспеншілікке алғыс сезімдерінің шуағына бөленген бүкіл халықтық мереке 8-наурыз күні болып есептеледі. Қоғамымыз әйелдердің экономика мен мәдениетті дамытуға жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қосып отырған орасан зор үлесін жоғары бағалады. Халқымызда «жан қосылса жақынын табады» деген сөз бар. Адам баласы қуанса да, қиналса да ауызға алар сөзі –ана. Ақын ананы ән-жырына қосады, суретші оның бейнесін салып қалдырады, сәулетші оны тастан қашайды. Ана барлық адамның және бүкіл дүниенің тірегі. Ана десе, талқымайтын жүрек, тасымайтын қан, сезбейтін сезім жоқ. Ананың тілі, сезімі, тілегі –тіл жетпес теңіз сияқты. Аналарды құрметтейік, нұрға бөлейік, олар алдында бас иейік.

Әйел –ана. Осы бір құлаққа жағымды естілер сөздердің аясында дүние ғаламдағы ең жақсы, ең әдемі ұғым сиып тұрғандай ма дерсің. Себебі -әйел тіршіліктің тұтқасы, айнасы десек, ана сол өмірді өз қолымен жасап, өзі қорғап, қоршап отыр емес пе? Содан да шығар, кез келген, қоғамда әйел –ананың орны ерекше, оларға деген ықылас та, ниет те өзгеше. Табиғатта болмыс бітімі нәзік, сұлу да сырлы қыз ғұмырында үкісі бұлаңдап, шалпысы сыңғырлаған, басқан ізі білінбес бойжеткендер де өмір заңдылығына бойұсынып, тірліктің татқызар шекер-тәттісінен гөрі кермек –ащысын, қатуы мен татуын, тауқыметін иықтарына салып жүрген аналарда –бәрі-бәрі дүниенің ажарын ашатын, тіршіліктің алатын діңгегі.

-Бекзат әйел затынан жаратылғаны аян. Ендеше, «әйел ай секілді, есікті жапсаң тұңғиықтан түседі» деген, бұл фәниде әйел –ананың жылуы сезілмеген, мейірім нұры төгілмеген, саясы түспеген ғалам кемде –кем шығар.

Адам бойындағы асыл қасиеттің бәрі ананың ақ сүтінен жаралып, күннің нұр шапағынан нәр алып, бүр жаратынын атам-қазақ заманнан-ақ білген. «Алып анандан» деп, алыптың алыбы –халықты анаға теңейтіні де тегін емес. Шынында да ел бастаған көсем де, топты жарған шешен де, аузын айға білеген ақын да, семсерін кекке суарған батыр да, ой кенін қазған ғалам да, әлемді аузына қаратқан дарын да анадан туған ғой. Бар тіршіліктің бастау көзі, әрі ұйытқысы осы ана қарлығаштай қанатымен су сеуіп, қашан да өз отбасының ғана емес, күллі отандасының тыныштығын қорғайды. Ел басына қатер төнсе, ерлермен бірге атқа қонып, өз халқының бейқұт өңірі, бейбіт өмірі үшін шыбындай жанын қиып, қасықтай қанын төгуге де әзір. Үй ішінің алаңсыз тіршілігін ғана емес, ұлысының ынтымақ бірлігін ойлап, жоғында ерінің орнын басып, елінің қамын жеген аналар да адамзат тарихында аз ұшыраспайды. Ана! О, дариға, аспан астында ананың барын, жер басып жүргенін сезінуден асқан бақыт бар ма? Күн нұры, таң самалы, гүл исі, осының бәрі сені тапқан анаңның қасиетінен таралған, мейірімнен тараған рахат екен ғой. Тіршіліктің бар қызығы ананың саған елжіреп қараған көз шарасына сыйып, көз шарасында ғана тұрады екен-ау! Жер үстінен анаң кетті дегенше, осында жарық дүниеге деген-ау! Жер үстінен анаң кетті дегенше, осында жарық дүниеге деген жан жылығының жарымы қараң қалды десеңші!

Ана, Ана! Сені қолымен жасап, саған жарық көрсетіп бір рет кешер ғұмыр берген құдыреті күшті құдай ғой ана деген! Сені жаратушы да, қашан өзіңмен-өзің болып кеткенше жаныңды сақтаушы да сол -Ана!

Ана! Осынау киелі сөз кімнің жүрегін елжіретпеген? Ақын жүрекжарды жырын арнайды, сазгер әнін арнайды, суретші әлемдегі ең мейірбан жанның бейнесін саларда анасының келбетін көз алдына елестетер, ал жазушы атаулының ана тақырыбына қайта-қайта оралмағаны бар ма екен?!

Понравилась публикация? Поделиться прямо сейчас:
Для всех тех, кто учит детей