?арулы к?штер ?аза?стан Республикасы егемендігіні? к?зетінде

Содержимое материала:

Тақырыбы:

Қарулы күштер Қазақстан Республикасы егемендігінің күзетінде

Мақсаттары:

Білімділік: Отанды, елді қорғау, тәуелсіздік туралы ұғымды тереңірек түсіндіру.

Дамыту: білім мен тәрбие бере отырып, оқушының ой-өрісін, ойлау қабілетін дамыту, өз бетінше ізденуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Отанын, халқын, Қарулы Күштерін сүюге тәрбиелеу, елінің болашағын ойлауға баулу.

Сабақ түрі: қайталау.

Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу, өздік жұмыс, тест сұрақтарына жауап беру.

Сабақтың уақыты: 45 минут.

Сабақ өтетін орын: АӘД кабинеті.

Көрнекілік: АӘД оқулығы 10-сынып, плакаттар, стендтер.

Пәнаралық байланыс. Тарих, әдебиет.

Сабақ барысы:

Негізгі мақсаты — бұрынғы өткен сабақтардан алған мәліметтерді тереңдету, ойда қалғандарды нақтылау, меңгерген білімдерді ұмытып қалуға жол бермеу.

Сабақ бөлімшені сапқа тұрғызып, баяндаманы қабылдап, сырт келбеттерін тексеріп, түгендеуден басталады.

Ұйымдастыру кезеңі.

  1. Тәуелсіздіктің негізгі белгілері / кластерді толтыру /

    1. ҚР ҚК құрылуы / әңгіме /

    2. Біздің мемлекетте әскери құрылыстың нормативті-құқықтық базасы қашан құрылды?

    3. Әскери доктрина дегеніміз не?

  2. ҚРҚК заңдылық негіздері / 4 стенд /

    1. ҚР ҚК бас қолбасшысы кім? Қорғаныс министрі кім? Ол кісіні неліктен сайлады деп ойлайсыңдар? Сұрақ-жауап, әңгіме.

  3. Қазақстанның қазіргі армиясы. / оқушылар әскер түрлерін атап, сипаттама береді / плакаттармен қолданады, стенд — курсанттардың суреттерімен /

  4. ҚР мемлекеттік рәміздері, ҚР ҚК нышандары, әскери бөлімнің жауынгерлік туы.

4.1. Оқушы стендтегі рәміздерді қолданып, әңгімелейді.

4.2. ҚР ҚК нышаны туралы мәлімет.

4.3. Әскери бөлімнің Жауынгерлік туы дегеніміз не?

4.4. Мұғалім: Жауынгерлік ту неліктен әрқашан өз бөлімімен жүреді? Жауынгерлік туды қалай қорғау керек? Жауынгерлік туды жоғалтқан кезде қандай жазалар қолданылады?

5. ҚРҚК қызмет ету – патриотизм мен интернационализм мектебі.

5.1. Мұғалім: Қазақстан менің Отаным, ол мен үшін жауапты болғаны сияқты, мен де ол үшін жауаптымын – деген қарапайым ойды қалай ұғасыңдар?

5.2 Патриоттық тәрбиені қалай ұғасыңдар?

5.3. Мұғалім: өкінішке орай, кейбір әскери бөлімшелерде болатын интернационализмге жат идеялар туралы не айтасыңдар, ойлайсыңдар?

5.4. Мұғалім: ҚР ҚК кызмет ету патриоттық, интернационалдық мектеп екендігін дәлелдер беріңдерші.

6. Отанды қорғау — мемлекеттің маңызды қызметі.

6.1. Мұғалім: ҚР ҚК қызмет ету…

6.2. Оқушы /АНТ -ты қабылдау туралы әңгіме /

6.3. Әскери антты қабылдау / салтанатты түрде көрсету /

6.4. Мұғалім: Әскери антта жауынгердің моральдық қасиеттері туралы не айтылған? Бұл қасиеттер соғыс және бейбіт уақытта қалай көрінуі керек?…т.б… әңгіме – бекіту / Сабақтың мақсаты- сұрақ, — ҚР Қ Күштері ҚР егемендігінің күзетінде тұр, біз де осыған дайынбыз, Отанымыз көркейе береді деп айта аламыз ба?

7. Тест сұрақтарына жауап беру.

Бағалау, үйге тапсырма беру.

Сабақтың соңы.

АӘД пәнінің оқытушы – ұйымдастырушысы: Б.Е.Тасенов

«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

Зеренді ауылы, Зеренді ауданы,Ақмола облысы

Понравилась публикация? Поделиться прямо сейчас:
Для всех тех, кто учит детей