Содержимое материала:
«Үстірт орта мектебі»ММ
Тақырыбы: Қуат
Ашық сабақ
Физика пәні мұғалімі: Г.Маркабаева
7 «А» сынып
2014жыл
Сабақтың жоспары:
Пәні: Физика
Сыныбы: 7 «А» сынып
Күні: 16.04.2014ж
Сабақтың тақырыбы: Қуат
Сабақтың мақсаты: : Сабақ барысында қуат тақырыбын түсіну, білу. Шығармашылық жұмыс жасап, есептер шығарып үйрену, дағдылану
Сабақтың түрі: Ашық сабақ
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі:
Сабақтың барысы: Сәлемдесу, түгендеу.
Үй жұмысын тексеру: §51 Дене қозғалысы бағытында әрекет ететін күштің жұмысы. Оқушыларды 3 топқа бөліп, үй жұмысын тексеруге арналған сұрақтар сұрау.
1 топ:
-
Күш әрекетінен дене орын ауыстырғанда атқарылатын жұмысты қалай атаймыз? ( Механикалық жұмыс)
-
Сұйықтың тығыздығын өлшеуге арналған құрал? (ареометр)
-
Архимед заңының формуласы? (F= ρgV)
-
Үйкеліс күшінің түрлерін ата? (тыныштық, домалау, сырғанау )
-
Күштің ХБЖ өлшемі қандай? (Н)
2 топ:
-
Жұмыстың формуласы? ( A=F/s)
-
Кеменің суға бату тереңдігі дегеніміз? (шөгім)
-
Сүттің сапасын анықтайтын ареометрлер қалай аталады? ( лактометр)
-
Қатты денеге тән қасиет? (Көлемін де, пішінінде сақтайды)
-
Жұмыстың ХБЖ өлшемі қандай? (Дж)
3 топ:
-
Егер дене сұйыққа толық батып жүзіп жүрсе,…….? ( онда денеге әрекет ететін ауырлық күші Архимед күшіне тең)
-
Белгілі бір бетке түсетін күш әрекетінің нәтижесін сипаттайтын шама? (Қысым)
-
Атмосфералық қысымды өлшеуге арналған құрал? (барометр)
-
Сұйықтарға тән қасиет? (пішінін сақтамайды, аққыш)
-
Қысымның ХБЖ өлшемі қандай? ( Па)
Жаңа сабақ
Күн сәулесінен қуат алатын көлік жасалды. Бейнебаян
Ой қозғау:
«Қуат» сөзін естігенде ойымызға не келеді?
Бір — бірімізді тыңдаймыз
Сын тұрғысынан ойлаймыз
Күш – жігерімізді арттырып,
Қуатымызды сақтаймыз.
Жұмыстың орындалу жылдамдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады. Қуатты N әріпімен белгілейді. Қуат скалярлық шама, өйткені оның бағыты болмайды. Қуатты табу үшін істелген жұмыстың шамасын сол жұмысты істеуге кеткен уақытқа бөлу керек.
N= A/t 1- өрнек
Біз N= A/t 1- өрнекті пайдаланып, білетін формулаларымызды A=F*s, N= F*s / t, υ=s/t түрлендірсек N= F / υ деген өрнекті аламыз.
N= F / υ 2- өрнек
Қуаттың өлшем бірлігі ретінде бу машинасын ойлап тапқан ағылшын ғалымы Джеймс Уаттың (1736-1819) құрметіне Ватт деп берілген.
Қуатты өлшеудің бірлігіне 1 секундта істелетін 1джоуль жұмыс алынады.
{N}={1Дж/с}= {1Вт}
Қуатты өлшейтін құрал — Ваттметр
1а.к=735,5 Вт ( аттың күші)
1Вт=0,00013596 а.к
Кейбір қозғалтқыштардың орташа қуаты:
Адамның қалыпты жұмыс жасағандағы қуаты 70-80Вт;
«Вольга» автомашинасының қуаты 70-80кВт;
Алғашқы атом мұзжарғыш кемесінің қуаты 5 5000кВт;
« Восток» ғарыш зымыранының қуаты 15 000 000кВт;
«Энергия» ғарыш зымыранының қуаты 125 000 000кВт;
Есептер шығару:
1 топ: Қуаты 30 Вт желдеткіш 10 минутта қандай жұмыс жасайды?
2 топ: Моторының тарту күші 5к Н ұшақ 900км/сағ жылдамдықпен бірқалыпты ұшты. Оның қуаты қандай?
3 топ: Велосипедші 5 минутта 4кДж жұмыс істеді. Велосипедшінің қуаты қандай?
-
Есеп:
Бер:
N= 30Вт Шешуі: N= A/t, A=N/t
t= 5мин=60c
т/к: А-?
Есептелуі: А=30Вт/60с=0,5Дж
Жауабы: А=0,5Дж
2-Есеп:
Бер:
F=5kH= 5000H Шешуі: N= F / υ
υ= 900км/сағ=250м/с
т/к: N=?
Есептелуі: N=5000Н/250м/с=20Вт
Жауабы: N =20 Вт
3-Есеп:
Бер:
t=5c Шешуі: N= A/t
A= 4kДж =4000 Дж
т/к: N=?
Есептелуі: N=4000 Дж /5c= 800Вт
Жауабы: N = 800Вт
Қорытындылау:
Тест «Толқын»
1. Жұмыстың орындалу шапшаңдығын сипаттайтын шама қуат деп аталады. (ия)
2. Қуат векторлық шама, яғни оның бағыты бар.(жоқ)
3. Қуатты N әріпімен белгілейді (ия)
4. Қуаттың өлшем бірлігі {Дж*с}= (жоқ )
5. Қуаттың формуласы (ия)
6. Қуаттың өлшем бірлігі Джоульдың құрметіне берілген. (жоқ)
7. Қуаттың ХБ жүйесінде өлшем бірлігі Вт (ия)
8. Барлық қозғалтқыштардың қуаты бірдей болады. (жоқ)
Үйге тапсырма:§52 оқу,№29-1, :§53 дайындалып келу. ХБЖ қайталап, анықтамаларды жаттау.