Оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын қалай ұйымдастыру керек

Содержимое материала:

«№80 мектеп-гимназия КММ» Астана қаласы

Әдістемелік бірлестік отырысы

Тақырыбы:

Тарих пәні мұғалімі Кожахметова Ж.Н.

2016-2017 оқу жылы

Кожахметова Жамила Нурматовна

80 мектеп-гимназиясының

тарих пәні мұғалімі

Оқушылардың өздігінен жұмыс жасауын қалай ұйымдастыру керек

«Әлемнің өзгеруін қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол. Болашағыңның өзгеруін қаласаң, сол өзгерісті тап қазір жаса» деген үнді елінің ұлы саясаткері Махат-ма Гандидің қанатты сөзі бізге арналып айтылғандай.

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға – дегендей, мен үшін ұстаз болу жауапты да қиын әрі қызықты мамандық. Болашақ жастардың қолында болғандықтан, жастарды тәрбиелеп, қоғамға пайдалы еңбек етуде еліміздің болашағына қосар үлесіміз зор деп ойлаймын.

ХХІ ғасыр ақпараттық технологиялардың дамыған заманы. Бұл қоғамда өмір сүріп отырған адамның денсаулығына, кәсіби шеберлігі мен мәдениеттілігіне, сана-сезіміне, біліміне мұқият назар аударылатын заман. Еліміздегі мектептердің барлығы бірдей өзгеріс үстінде. Сонымен қоса білім беру сапасын арттыруда 12 жылдық білім беру үдерісіне көшу және білім беруді әлемдік стандартқа жақындату сияқты маңызды мәселелер тұр. Бұл өзгерістер қазіргі қоғамымыз бен заманауи ой-пікірі бар жас жеткіншектеріміздің қажеттілігінен туындап отырған мәселе деп айтуға болады. Мектептерге педагогикалық жаңа технологияларды меңгерген уақыт талабына сай білімді, жан-жақты дамыған, кәсіби шеберлігі жоғары, жеке тұлғамен жұмыс жасай алатын білікті мұғалімдер қажет. Ал осы мұғалімдер алдында тұрған басты мәселе – білім бере отырып, бәскелестікке қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру. Ол өз кезеңінде оқытудың түрлері, формалары мен әдіс-тәсілдерін түрлендіру арқылы іске асады.

Білім беруде мұғалімнің алдына қойған мақсаты – қандай сабақ болса да, оқушыны ізденуге, ынталандыруға, қызығушылығын арттыруға, қызықтыра білуге баулу.

Жаңа технологиялардың басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, оның еркіндігін, белсенділігін қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

Менің ойымша оқытудың басты мақсаты оқушыларды дайын, жаттанды біліммен сусындату емес, сұрақтар қоя отырып сыни тұрғыдан ойлауға жетелеу, бағыттау. Сұрақтарға жауап беруде оқушылар өздерінің ойларын ортаға салатын, еркін ойлау қабілетімен жауап беретін жеке тұлғаны тәрбиелеп шығару. Бұл әдістерді пайдалануда бұрынғы сабақтарда үлгерімі нашар оқушының өзі жанындағы құрдастарының ықпалымен өз ойын айта алады деп ойлаймын. Біздің бұрынғы оқу үрдісіміздегі «Дарынды баламен жұмыс», «Үлгерімі төмен балалармен жұмыс» деп бөліп оқыту емес, кез келген баланың бойынан ерекше бір қасиетті танып, әрі қарай дамытуға жұмыс жасау керек.

Адамдардың бір-бірінен айырмашылығы қабілеттеріне байланысты. Қабілеттің анықталуы, оның арнайы қалыптасуы оқыту қатынастарына, оқыту жылдамдығы мен деңгейіне, олардың өзара үйлесіміне байланысты. Құрғақ ойлау мен жаттап алудан гөрі өзі ізденіп, шығармашылық әрекет еткен жағдайда ғана, оқушы білімді терең меңгере алады.

Шығармашыл тұлға тәрбиелеу үшін мұғалімнің өзі шығармашылыққа жақын жан болуы керек. Шығармашылық үшін психологиялық қауіпсіздік, еркіндік, ашықтық, бостандықты қамтамасыз ету. Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе: біріншісі, «сәтсіздікке ұшырау» деген қорқыныш сезімі, екіншісі, өзіне-өзі көңіл толмаушылық сезімі, үшіншісі, жалқаулық. Мұндай жағдайларда баланы құтқарудың жолдарын қарастыру керек. Оқушының шығармашылықпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай жасау керек. Сол үшін мектеп пен ата-ана әрқашанда тығыз байланыста болуы керек.

Оқу сабақтарын ұйымдастырудың жалпы түрлері бір-бірінен айырмашылығы мұғалімнің оқушыларға орындауға беретін тапсырмаларына байланысты анықталады.

  • Сыныптың барлық оқушыларына;

  • Жеке топ оқушыларына;

  • Әрбір оқушыға беріледі.

Сабақта негізгі білім көзі мұғалімнің сөзі мен оқулық болса, қазір оқушының жеке ойы мен көзқарасы құнды болып отыр. Топтық жұмыстарды ұйымдастыруда ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің әртүрлі формалары орын алады. Топтық жұмыс өзінің барлық белгілері көрініс табатын оқу ынтымақтастығының идеалды моделі болып табылады. Топтық жұмыстың пайдасы мен оның тиімділігі бойынша зерттеулерді әртүрлі бағытта жүргізуге болады. Топтық жұмыс оқыту процесін байыта түседі, оқу жұмыстарын нығайтып, сыныпта жылулық атмосферасы орын алады. Топтық жұмысты ұйымдастыру үшін ең алдымен топ ережелерін топта талқылып әзірлеу керек.

ТОП ЕРЕЖЕЛЕРІ

  1. Ұйымшылдық

  2. Бір-бірін тыңдау әдебі

  3. Белсенділік

  4. Сыйластық, сенімділік

  5. Мадақтау

  6. Уақытпен санасу

  7. Ортақ бір мақсат

  8. Жетістікке ұмтылу

Топтық жұмыс не үшін қажет?

  • Өзара іс-әрекет жасау философиясы яғни, ынтымақтастыққа;

  • Әлеуметтік орта құруға;

  • Дағдыларды дамытуға мүмкіндік беру.

Топтық жұмыс жеке шешуге болатын тапсырмаларды емес, өте күрделі тапсырмаларды шешуді көздейді. Кез келген топ барлық мүшелері білетін және түсінетін жалпы ережелерді басшылыққа алуы қажет.

Мұғалімдер топтың тиімді жұмысына қолдау көрсетіп, белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік жасау керек.

Топқа ілесе алмай отырған немесе бәрін де бір өзі жасағысы келіп отыратын балалар да болады. Ол оқушыларға жеке тапсырмалар беріп орындатуға болады. Балаларды әр тапсырма сайын мадақтап, қол шапалақтап немесе бармақ арқылы формативті бағалап отыру керек. Оқушылар да бір-бірін бағалап, не себепті сол бағаны қойғандығы туралы дәлелдеп айтып беріп отырса, осы іс-әрекет барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп отырады.

Өз бетімен оқып білуге үйрету – баланың қоршаған ортаның өз бетінше танып білуге деген табиғи ынтасы негізінде құрылған оқытудың негізгі тәсілі

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

  1. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ, оқу-әдістемелік құрал. «Іс-әрекеттегі зерттеуде деректермен жұмысты қалай ұйымдастыруға болады». Астана, 2015 ж.

  2. Ибраева С. «Оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту».

  3. Үлестірме материалдар. Бірінші апта. «Назарбаев зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 ж.

Понравилась публикация? Поделиться прямо сейчас:
Для всех тех, кто учит детей