Открытий урок

Содержимое материала:

Маңғыстау облысы Ақтау қаласы №17 орта мектеп химия пәнінен өткізетін интерактивті online сабағы Айтжанова Клара ,химия пәні мұғалімі 9-10 сыныптар Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі: Саламатсыздар ма оқушылар, ұстаздар, көрермендер. Сіздермен бірге Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы №17 орта мектептің химия пәні мұғалімі Айтжанова Клара.

Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы: Фосфор

Сабақтың тақырыбы:Фосфор

Сабақтың мақсаты: Білімділік:оқушыларға фосфордың периодтық жүйедегі орны, қосылыстары туралы білім білік дағдыларын қалыптастыру. Азотпен ұқсастығы мен айырмашылығы, қолданылуы туралы түсіндіру, оның қосылыстарын жіктеуге, салыстыруға, химиялық реакция теңдеуін жазып, теңестіре білуге баулу.

Дамытушылық:Өз бетімен жұмыс істеп, өз білімін өзі тексеріп, жауапкершілікпен сезінетін саналы, өнегелі ұрпақ тәрбиелеу.

Тәрбиелік:Оқушылардың іскерлігін, өз бетімен ізденуін, ой- өрісін, шығармашылық мүмкіндігін дамыту, ғылыми көзқарасын қалыптастыра отырып, шығармашыл тұлға жасап шығару.

Сабақтың түрі: Жаңа мағлұмат беру.

Сабақтың әдісі: Сұрақ- жауап, практикалық, ақпараттық технология.

Пәнаралық байланыс: Физика, география, биология

Құрал- жабдықтар: Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі. Фосфордың түрөзгерістері, ерігіштік кестесі, электрондық оқулық, слайд материалдары.

Реактивтер: этил спирті, сіріңке, фарфор ыдыстар, қышқыл, күкірт қышқылы, ақ фосфор, қызыл фосфор, қара фосфор

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгендеу.

2. Оқушылардың сабаққа даярлықтары

ІІ. Кім көп біледі?(Үй жұмысын сұрақтар қою арқылы сұрау)

1. Азоттың периодтық жүйедегі орны (ІІ период, V А топ)

2. Азотты ең алғаш кім ашты? (1772 жылы Д.Резерфорд)

3. Азоттың атом құрылысы (7 протон, 7 нейтрон, 7 электрон)

4. Азоттың физикалық қасиеттері (түссіз, иіссіз, ауадан сәл жеңіл)

5. Азот металмен әрекеттесіп, қандай қосылыс түзеді? (нитрид)

6. Азот сутекпен әрекеттесіп, қандай қосылыс түзеді? (аммиак)

7. Азот оттекпен әрекеттесіп, қандай қосылыс түзеді? (оксид)

8. Аммиактың физикалық қасиеті қандай? (түссіз, өткір иісті,тұншықтырғыш газ)

9. Аммиак қайда қолданылады? (минералды тыңайтқыш, дәрі- дәрмек, қопарылғыш зат)

10. Аммоний тұздары дегеніміз не? (құрамында аммоний ионы және қышқыл қалдық-тары болатын қатты кристалды зат)

11. Азот оксидінің жіктелуі, физикалық қасиеттері

12. Нитрат ионға сапалық реакция

13. Нитраттардың қолданылуы.

14. Азот қышқылы, физикалық, химиялық қасиеттері, қолданылуы

15. Азот қышқылының тұздары қалай аталады?

ІІІ. Ойтүрткі. Фосфорды алғаш ашқан – Гамбургтік алхимик Геннинг Бранд (1669 ж). Басқа да алхимиктер тәрізді Бранд қарттарды жасартып, сырқаттарды жазатын өмір элексирі мен асыл емес металдарды алтынға айналдыратын философиялық тасты табуға әрекет жасады. Брандты алға жетелеген адамдардың қамы емес, оның байлыққа құмарлығы болды. Бір тәжірибенің барысында ол зәрді буландырып, алынған қалдықты көмір және құм қосып, буландыруды жалғастырды. Кейін ретортада қараңғыда жарық шығаратын зат түзілді. Рас, kaltes Feuer (суық от) немесе «менің отым» деп Бранд атаған зат қорғасынды алтынға айналдырмады және қарттардың сырт келбетін өзгертпеді, бірақ алынған заттың қыздырусыз жарқырауы ерекше, әрі таңсық болды. Брандтың ойынша бұл тас кәріні жасартатын, ауруды тез сауықтыратын, адамның өмірін ұзартатын көрінеді. Алынған зат жарық шығарады, осыны пайдаланып, Бранд байларға сатып, ақшаға кенелді. Бұл зат не деп ойлайсыңдар?

Оқушылар: Фосфор элементі.

Сөйтіп, 1669 жылды фосфор кездейсоқ ашылды.Бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: «Фосфор. Фосфордың қасиеттері» ІІІ. Жаңа сабақ алгоритмі

Периодтық жүйедегі орны, атом құрылысы

Табиғатта таралуы

Қасиеттері

Алынуы, қолданылуы

Фосфор оксиді, қышқылдары, тұздары

Cа3(PO4)2-фосфорит фторапатит, Р-нәруыз құрам тіс, сүйек

Аллотропиялық түр өзгерісі

2Ca3(PO4)2+10C+SiO2→6CASiO3+P4+10CO↑

P4O6, P4H10; Ca3(PO4)2+3H2SO4→3CaSO4↓+2H3PO4

Қосымша деректер: 1669 жылы Бранд зәрден алған.

IV. №18 лабораториялық тәжірибе 326 бет

Сынауыққа 1 мл әк суын құйып, оған 1 тамшы ортофосфор қышқыл ертіндісін қосамыз. Сынауықты шайқаңдар. Тағы да бірнеше тамшы қышқыл қосамыз. Лайлануы жойылады.

Кальций фосфатының, гидрофосфатының, дигидрофосфатының үлгілерін қарау. Әрбір тұздан 0,5 г алып, 1 мл су қосамыз. Қоспаны араластырамыз. Ерігіштігі туралы қорытынды жасау.

№3 тексеру жұмысы

1. Азот пен фосфор қышқылдарының қасиеттерін салыстырыңдар. Осы қышқылдардың металдарға қатынасы қандай? Мысал келтір.

2. Берілген айналуларды жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жаз:

Ca3(PO4)2 → P→ Mg3P2 → PH3 → P2O5 → H3PO4

Ион алмасу реакциялары үшін иондық теңдеулерін, тотығу — тотықсыздану реакциялары үшін электрондық баланс теңдеулерін жазыңдар.

Көлемі 56 л (қ.ж.) азот сутектің артық мөлшерімен әрекеттесті. Аммиак шығымының массалық үлесі 50%-ті құрайды. Алынған аммиак массасын есепте.

(Жауабы: 42,5 г)

2Ca3(PO4)2 + 10C + 6SiO2 → 6CASiO3 + P4 + 10CO↑

2PH3+4O2→P2O5+3H2O

P2O5+3H2O=2H3PO4

2P+3Mg→Mg3P2

Mg3P2+6H2O=3Mg(OH)2+2PH3↑

V(N2)=56 л N2+3H2→2NH3 100-34г

W(NH3)=50% 22,4 50-17г

M(NH3)-? 56г-Хг

22,4л-17г х=42,5 г

Сабақты қорытындылау

Тест

Ақ және қызыл фосфордың бір-бірінен айырмашылығы:

а) кристалдық торының түрінде;

б) химиялық белсенділігіне;

в) сапалық құрамында;

г) физикалық қасиетінде;

Фосфордың валенттігі мен тотығу дәрежесі оның жоғары оксиді мен қышқылына тең болады:

а) 3 және -3;

б) 3 және +3;

в) 5 және -5;

г) 5 және +5.

H3PO4-те фосфордың валенттігі мен тотығу дәрежесі нешеге тең:

а) ІІІ және +3;

б) V және +3;

в) ІІІ және +5;

г) V және +5.

Қай затпен H3PO4- әрекеттеспейді, бірақ HNO3(сұйыт)- әрекеттеседі?

а) калий карбонатымен;

б) кальций оксидімен;

в) мыспен;

г) аммоний карбонатымен.

Ерітінді PO4-3 иондарының бар екендігін анықтау үшін.

а) Ba 2+

б) Cu 2+

в) Ag+

г) Na+ алу керек.

Жауабы: 1-а, 2-в, 3-г, 4-в,

Слайдфильм NO-алынуы

Үй тапсырмасы § 8.13, 1-9 сұрақ, жаттығу 252 бет-247 бет.

Бағалау.

Сабақтың аяқталуы

Понравилась публикация? Поделиться прямо сейчас:
Для всех тех, кто учит детей