Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді

Содержимое материала:

Күні:02.03.2017ж. Сабақтың тақырыбы: Ылғал сүйгіш және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер Сабақтың мақсаты: Білімділік: Оқушылардың білімін тереңдетіп, ылғал сүйгіш,су және құрғақшылыққа төзімді өсімдіктердің өніп – өсуі жайлы түсінік беру  Дамытушылық: Оқушылардың бейнелі ойлауын, ой-өрісін, дүниетанымын, танымдық қабілеттерін дамыту. Тәрбиелік: Табиғат пен адам үндестігін, табиғат әсемдігін сезіне білуге, оны қорғауға, аялауға қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Сабақтың түрі: Сайыс сабақ Сабақтың әдісі: Баяндау,сұрақ-жауап,тірек-сызба,ойын, «джигсо» әдісі, «таңдау» әдісі, «ыстық орындық» Сабақтың көрнекілігі: өсімдік түрлері,жүрек жылуы, смайлик Сабақтың барысы I. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлеметсіңдер ме, оқушылар? Отырыңыздар. Мен сендерге бүгін «дүниетану» пәнінен сабақ беремін. Менің аты- жөнім — Несіпбаева Марал Мейрамқызы Сандарды санау арқылы топқа бөлу (1,2,3,4) II. Үй тапсырмасын тексеру«Кім шапшаң?» 
1. Ғалымдардың есептеуі бойынша, біздің елімізде неше мыңнан астам өсімдік түрі өседі екен?
2. Өзіңіз білетін ағаштар мен бұталардың бір — бірінен ең негізгі айырмасы неде?
3. Ал шөптесін өсімдіктердің ағаштар мен бұталардан ерекшелігі қандай?
4. Өсімдіктерді ерекшеліктеріне қарай неше топқа біріктіреді?
5 Өсімдіктердің адам мен жануарларға қандай қажеттілігі бар? Мысал келтір, дәлелде.
6. Адам өз әрекетімен өсімдік әлеміне қалай әсер етеді?
7. Өсімдікті қорғау үшін қандай шара қолданылады? 8.Өсімдіктердің өсіп өнуіне қандай жағдайлар керек? Әр топқа жүрек жылуын беру III. Үй тапсырмасы мен жаңа сабақты байланыстыру Балалар, айтыңдаршы, өсімдіктің қоршаған ортада өсіп өнуіне қандай жағдайлар керек? (жылу,ауа,жарық,қоректік зат,ылғал) Дұрыс айтасыңдар, осының ішінде көп өсімдіктер топырақтың ылғалды болуын қажет етеді. IV.Жаңа тақырып 1)-Мына өсімдіктер қандай тіршілік ету ортасына бейімделген?

Беде Бақбақ Қоңырбас Суреттегі шалғындық беде, бақбақ қоңырбас ылғалы жеткілікті топырақта өседі. Суреттегі өсімдіктердің жапырақтарына, сабағына көңіл бөліңдер? Не байқадыңыздар? Топырақтың құрамында ылғал болғандықтан тамырлары онша ұзын емес, яғни шашақты. Жапырақтары жалпақ, ылғалды буландыруға жақсы бейімделген: жапырақтарында қақпақты саңылаулар болады. Суды буландырған кезде саңылаулары ашылады. Артық су буланған соң жабылады. Осылай өсімдік булануды реттейді. Мұндай өсімдіктерді ылғал сүйгіш өсімдіктер деп атайды.

Суретте көріп тұрғандарыңыздай өсімдік тоғандардың және көлдердің бетінде қалықтап өсіп тұр. Демек мұндай өсімдіктерд і су өсімдіктері деп атайды.

Бұл өсімдіктер топырағында ылғал өте аз,аптапты ыстық жерде өседі. Мұндай жерлерде су топырақтың өте терең қабатында ғана болады.Осындай жерде өсетін өсімдіктердіқұрғақшылыққа төзімді өсімдіктер деп аталады. 2. Дәптермен жұмыс.
Өсімдік түрлерін жазу 3. «Ойлан — жұптас — талқыла» 1 — топ: Өсімдік
2 — топ: Ылғал сүйгіш өсімдіктер (атын жазып, суретін салу)
3 — топ: Су өсімдіктері(атын жазып, суретін салу)
4 — топ: Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер(атын жазып, суретін салу) Постер қорғау 
Постерлерін қорғап болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір-бірден ынталандыру үшін жүрек жылуын тарату VI. Білімді бекіту. 

Қорытындылау.

VII. Бағалау:Топтардың жүрек жылуларын санау

«5» – 5 — 6 жылу
«4» – 3 — 4 жылу
«3» – 1 — 2 жылу

VII. Үйге тапсырма:

Ылғал сүйгіш және су өсімдіктері. Құрғақшылыққа төзімді өсімдіктер. мазмұндау
І топ мақал-мәтел жаттап келу өсімдікке байланысты
ІІ топ сөзжұмбақ құрастыру өсімдік сөзіне
ІІІ топ ребус құрастыру 
IV топ тест құрастыру  тақырып бойынша 5 тест сұрағын дайындау.

Пәннің атауы:

Математика

Уақыты: 13.03.2017ж.

Кабинет: 212

Мұғалім:

Муханова Халзия

Сабақтың атауы

Жалпы мақсаттар

Күтілетін  нәтиже

Ынтымақтастық атмосферасы

Қонақ күту салтымыз

Оқып біліп жатырмыз

Келген қонақ сіздерге

Сәлем бердік жалпымыз

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш — жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

Сергіту сәті

Ой толғаныс

Үй тапсырмасы

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

Пәннің атауы:

Математика

Уақыты: 06.02.2017ж.

Кабинет: 213

Мұғалім:

Муханова Халзия

Сабақтың атауы

Қайталау

Жалпы мақсаттар

Осы сабақта қосындыны санға көбейтуді біледі, қайталайды. 
1.Есепті әр түрлі тәсілмен шығарады 2.Көбейтінділерді қосындылармен алмастыруды біледі. 3.Фигуралардың ауданын, периметрін таба алады. 4.Амалдарды ретімен орындай алады. 5.Уакыт және ұзындық өлшем бірліктерін біледі. Сабақтың түрі: аралас.
Сабақтың әдіс — тәсілі: Іздену, сұрақ — жауап. Сабақтың көрнекілігі: АКТ, үлестірмелер, фигуралар, ережелер.

Күтілетін  нәтиже

Ынтымақтастық атмосферасы

Қонақ күту салтымыз

Оқып біліп жатырмыз

Келген қонақ сіздерге

Сәлем бердік жалпымыз

Бір,екі,үш

Сынып іші тып-тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз.

Осы айтқандарыңды орындауға бар күш — жігерлеріңді саласыңдар деген ойдамын, бәріне сәттілік пен бестік баға тілеймін!

Топқа бөлу

Геометриялық фигуралар арқылы топқа бөлу.

Үй тапсырмасын сұрау

№6. Бос торкөзге тиісті санды тауып қой 1дм 2см = 12см 1дм 3см =13 см 93 дм =9 м 3дм 71 дм = 7 м 10 см 17см =1дм 7см 10 см = 1 дм 68 см = 6 дм 8 см 3 м 60 см = 360 см 2 м 4 дм = 24 дм 5 дм 40 см = 90 см

Қызығушылықты ояту

Өткенді қайталау 1.Тік төртбұрыштың периметрін тап. 2.Шаршының периметрін тап. 3.Текшенің периметрін тап. 4.Тік төртбұрыштың ауданын тап. Мақсат қою кезеңі Өтілген тақырыптар барлығымыздың есімізде қалған екен олай болса осы тақырып төңірегінде есептерді қайталаймыз.

Мағынаны тану

Күн ретін Көркем жазу Оқулықпен жұмыс. 1.Топтық жұмыс

1-топ а)

 ашып тазалауга-15мин Қайта жинауға-5 мин уақыт жұмсайды 3-сағатты тазалап жинауға-? уақыт жұмсайды

Ш:(15+5)*3=60 Ж:3-сағаттың ішін тазалап,қайта жинауға 60мин(1сағ)уақыт жұмсайды.

2-топ ә)

Бірінші күні-4 тағадан 9 атқа

Екінші күні-4 тағадан 8 атқа таға соқты

Барлығы -? Таға соқты

Ш:(4*9)+(4*8)=68

Ж:Екі күнде барлығы 68 таға соқты.

3-топ а)

 ашып тазалауга-15мин Қайта жинауға-5 мин уақыт жұмсайды 3-сағатты тазалап жинауға-?уақыт жұмсайды Ш:(15+5)*3=60 Ж:3-сағаттың ішін тазалап,қайта жинауға 60мин(1сағ)уақыт жұмсайды.

4-топ ә) Бірінші күні-4 тағадан 9 атқа Екінші күні-4 тағадан 8 атқа таға соқты Барлығы -? Таға соқты Ш:(4∙9)+(4∙8)=68 Ж:Екі күнде барлығы 68 таға соқты.

2.Өрнектің мәндерін тап. Топтық жұмыс

1-топ 2- топ

(10+80)∙5=450 (24+6)∙2=60

(100+80)∙5=900 (400+60)∙2=920

3-топ 4-топ

(13+27)∙4=160 (12+18)∙3=90

(100+70)∙4=680 (200+80)∙3=840

3.Ауызша жұмыс

Тік төртбұрыштың ұзындығы

Тік төртбұрыштың ені

Тік төртбұрыштың

ауданы

Тік төртбұрыштың периметрі

? см

3 см

24 см2

?

8 см

5 см

? см2

?

6 см

? см

12 см2

?

24:3=8

Р=8+3+8+3=22

Р=(8*2)+(3*2)=16+6=22

Р=(8+3)*2=22

S=8см*5см=40см2

 Р=8см+5см+8см+5см=26см

Р=(8*2)+(5*2)=26см

Р=(8+5)*2=26см

12:6=2 Р=6+2+6+2=16

Р=(6*2)+(2*2)=16

Р=(6+2)*2=16

4.Өсу ретімен орналастыр

А)10/1, 9/1, 8/1, 5/1, 3/1, 2/1

Сергіту сәті

Қане біздер ойлайық

Ойымызды жинайық

Қандай есеп болсада

Шешпей оны қоймайық

Есептедік, шаршадық, Отырайық, тұрайық,
Орнымыздан бір тұрып Соқтығысып қалмайық.
Қимылдатып аяқты, Сәл серігіп алайық
Шапалақты бір ұрып. Жазуды қайта жалғайық. 

Оқушылар сергіп алады

Ой толғаныс

Қорыту кезеңі

Ә)24+6×8-45:5=24+48-9=63

6·4:3:2·6=24

78-5·4+7·7=78-20+49=107

9·6-3·6+19-27:9=54-18+19-3=52

5. Салыстыр

2 тәул.21 сағ*50 сағ 45 см* 4 дм 5 см 1мм

2 сағ 30 мин * 90 мин 20м 5 дм * 205 дм

Үй тапсырмасы

Оқулықта қалған тапсырмаларды орындау

Күнделіктеріне жазады

 Бағалау

 Оқушылар алдымен бір бірін бағалайды. Содан соң мұғалім барлық оқушыларды бағалайды. Смайликтерді жабыстырады.

Ойын арқылы оқушылардың бойында

адамгершілік қасиетін дамыту.

Балалық шақ — бала бойына адамгершіліктің негізін қалайтын кез. Сондықтан да бала бойына жас кезінен бастап ізгілік, мейірімділік, инабаттылық сезімдерін қалыптастыру ата-аналар мен ұстаздардың міндеті.Балалардың жан-жақты дамуы үшін ойынның рөлі ерекше. Ойын — балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал.Бала ойын ойнағанда өмірде көрген-білгенін өзіне ұнаған адамның іс-әрекетіне еліктеп отырып бейнелейді. Ойын барысында балалардың айналадағы дүние жайында мағлұматтары кеңейіп, таным белсенділігі арта түседі. Мұғалім ойын ойнауға жағдай туғызумен қатар, баланың ойынға қызығушылығын, белсенділігін үнемі арттырып отыруға тиісті. Бала өзара ынтымақтастық жағдайында ойынды өз қалауымен бастауы, не болмаса еркімен қатысуы аса маңызды. Ойын өмірде өте ерте жастан басталып, адамның кәсіпті толық меңгергенінше жалғасады. Ал оқыту процесінде жаңа технологияның маңызды бөлігі болып табылады. Әрбір ұстаздың мақсаты — сабақ сапасын көтеру, түрлерін жетілдіру, сабаққа оқушының қызығушылығын арттыру. Сондай- ақ бүгінгі таңда елімізде оқыту мазмұны жаңартылып, сабақтарда озық технологияларды қолданудамыз. Сондай технологиялардың бір түрі — «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. А.С.Макаренко: «Ойын-балалар өміріндегі өте маңызы зор нәрсе, үлкндердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады.» — деп балалар ойынын жоғары бағалаған. Ойын — балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын — айналадағы дүниені, қоршаған ортаны танудың тәсілі. Ойын балаларға өмірде әр түрлі жағдаяттарды, кездесетін қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық, ойлау, тапқырлық қабілеттерін қалыптастырады.

Ойын — балалардың шынайы ойлап тапқан шындығына тез, еркін енуіне, шығармашылыққа, белсенділікке, бір- бірін түсінуге, өзін -дамыуға мүмкіндік береді.

Ойын — әрқашан білім бола отырып, баланы білім алуға, еңбекке баулиды, дайындайды.

Ойынның бірнеше түрлері бар: қимыл-әрекеті, логикалық, ұлттық, грамматикалық, ддидактикалық, рөлді-сюжетті. Сабақ барысындағы, тәрбие жұмысы барысындағы тиімді қолданылған ойынның түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған тақырыбын, оқушылардың ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені, төмендегі сыныптағы оқушылардың зейіні сабақтан гөрі ойынға беріліп тұрады. Ойын кезіндегі баланың психикалық ерекшеліктері өзгереді, олар ойланады, ерік қасиеті артады, эмоциялық әсері пайда болады, қиял елестері дамиды, белсенділігі артады.

Сабақ барысында ойын түлерін дидактикалық әдіс түрінде пайдаланудың маңызы зор. Балалар ойын арқылы өзі өмір сүріп отырған белгілі бір қоғамдық ортадғы норма мен әркетті қабылдайды. Ойын арқылы баланың бойына адамгершілік қасиеттермен өздері де ойын түрлері араласқан сабаққа зейін қойып, ынталаса түседі. Оқушылар сыныптастарынан қалып қоймау үшін сабаққа белсенді қатысып, қойылған сұрақтарға жауап іздеп, ойлана бастайды. Сабақта ойын түрлерін пайдалану оқушылардың ой-өрісін дамытуға, бір-бірімен ақылдасып, тіл табыса білуге әсер етеді.

Ойын қызметінің тағы бір ерекшелігі — оның өз әрекеттік сипаты. Балалар ойын шығарушылар, ойынды жасаушылар, ойын ұйымдастырушылар болып табылады. Олар жоғарыда айтылғандай, ойында өздеріне таныс өмір құбылыстары мен оқиғалар туралы білімдерін суреттейді. Оларға өздерінің қарым — қатынастарын білдіреді. Ойынның құрылымдық элементтері:

  • Ойынның түпкі ниеті;

  • Сюжеті немесе мазмұны;

  • Ойын әрекеттері;

  • Рөлдер;

  • Ойынның өзінен туатын және балалар жасайтын немесе ересектер ұсынатын ойын ережесі.

Бұл аталған элементтер өзара байланысты және ойында балалардың өзінше бір іс-әрекеті ретінде көрсетеді.

Сабақта және сабақтан тыс уақытта қолданылатын ойындарды төмендегідей топтастыруға болады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор.

Ойынға қойылатын талаптар әдістемелік талаптар:

  • Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.

  • Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

  • Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

  • Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

  • Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Ұлттық ойын — оқушының салт-дәстүріне, әдет-ғұрпына деген сүйіспеншілігін арттырады және адамгершілік құндылықтарын қалыптастырды. Ойында барысында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдері дамиды, артады. Еңбек ету барысында ұйымшылдық, жауапткершілік, парыздық сезімдер сияқты қасиеттер қалыптасады.

Грамматикалық ойын — бағдарламадағы берілген материалды ұғуға көмектеседі. «Грамматикалық ойын» оқушылардың кейбіреулері мұғалімнің түсіндірген сабағын тез ұғады, кейбіреуі керісінше. Сондықтан барлық оқушының білімге бірдей жетелеу үшін өз мүмкіндігіне сәйкес сабақты меңгерту, тілін, ой ұшқырлығын дамыту, өзіндік пікір айтуға жағдай жасау еркін шығармашылыққа жетелейтін, пәнге қызығушылығын арттыратын әдістің бірі.

Грамматикалық ойындар арқылы сабақтарда оқушылар әртүрлі жағдайды түсінеді, оны шешу жолдарын қарастырады. Жақсы ойынға бар ынтасымен беріліп, оны білуге, меңгеруге талпынып, алуан түрлі дағды, мәліметтерді алып, шеберліктерін шыңдайды.

Коммуникативтік ойын — қатысушыларды күрделі адам қатынасының шынайы құрамына ендіреді. Кез-келген ойындық ұжым — ұжым. Ол әрбір қатысушы ойыншы мен көпшіліктің қарым-қатынасына сәйкес жүргізіледі. Егер ойын адамдардың қатынасы болса, онда әрекеттестіктен, өзара түсінуден, өзара жол берушіліктен тыс олардың арасында ешқандай ойынның болуы мүмкін емес.

Дидактикалық ойындар оқушылардың ақыл-ой белсенділігін қалыптастырудың маңызы құралы бола отырыа, олардың бағдарлама материалының негізгі тақырыптары бойынша алған білімдерін тереңдете түседі, әрі пысықтауды көздейді. Бұл ойындар балалардың сабақ үстіндегі жұмысын түрлендіре түседі, олардың пәнге қызығушылығын оятып, ынта-ықылас қоюына баулиды және оқушылардың зейінін, ойлауын, зерделеуін дамытады. Өмір тәжірибесін бір жүйеге келтіруге үйрету, жүйке жүйесін дамытады. Сондықтан да ойын оқу-әрекетінде жетекші рөл атқарады.

Дидиктакалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

1.Ойын-саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас. Олар фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, бірақ олар ерекше түрде түрде ашып көрсетіледі; қарапайым жұмбақ арқылы; қиындық-оңай жолмен; қажеттілер — қызық жолмен беріледі.

2.Ойын тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды. Ойын міндеттері мен әрекеттері бір нәрсені болжауға негізделеді.

3.Ойын-болжамдар. Бұл ойындар «Не болар еді…?», «Мен не істер едім, егер…» деген сұрақтарға негізделеді. Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен жағдаяттарды қоюда ерекшеленеді. Мұндай ойындар білімді нақты жағдайда ұштастыра байланыс тапсырмаларын белгілеуді талап етеді.

4.Ойын-жұмбақ.тар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі-логикалық астарыннның болуында. Олар баланың ой-әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымының қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5.Ойын-әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалрдың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым-қатынасына негізделеді. Бұл қарым — қатынас ойын мазмұнында ерекше сипатқа ие болады.

Ойынның құндылығы-олар эмоционалдық түрде белсендіруге, бір сөздікке, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойлануға мүмкіндік туғызады.

Ойынның көңіл көтеру қызметі:

Ойынның көңіл көтеру қызметі — бұл қандай да бір нәрсеге деген құштарлық. Ойынның көңіл көтеру қызметі белгілі бір ыңғайлы қалыптың, қолайлы жағдайдың қалыптсуымен байланысты.

Ойын формасындағы оқыту басқа технологияларға қарағанда әртүрлі әдістемелерді пайдалануға мүмкіндік береді.

1.Қатынас жасау әдісі:

  • оқушылар тапсырманы бірлесе шешу арқылы қарым — қатынас жасауға үйренеді және бір-бірінің ойын қабылдауды үйренеді;

  • ортақ тапсырманы шешу үшін оқушылардың әртүрлі мүмкіндіктері пайдаланылады оқушылар іс жүзінде өз тәжірибелерінде ненің пайдалы екендігіне көздері жетеді; тез ойлантындардың, сыни бағалаушылардыңғ тыңғылықты орындаушылардың, тәуекелшіл достарының іс-әрекетіне куә болады:

  • ойын барысында бірлескен іс-қимылдың нәтижесі оқушылардың бір-біріне деген достығын нығайтады.

2.Моральдық мативтер:

  • ойында әрбір оқушы өзінің білімін, мүмкіндігін, мінезін, өзінің іс-әрекетіне, адамдарға деген көзқарасын көрсетеді.

3.Танымдық мотивтер:

  • әрбір ойынның жақын нәтижесі бар, оқушыларды бір жетістікке жетуге талпындырады және осы мақсатқа жету жолдарының қандай екендігін көрсетеді;

  • ойында әр топ та, жеке оқушы да бірдей дәрежеде. Ойынның нәтижесі тек қана ойыншыға; оның дайындығына, ұстамдылығына, қабілетіне, шеберлігіне, мінезіне байланысты;

  • жетістік жағдайы танымдық дамуына қолайлы эмоциональдық қалып туғызады. Сәтсіздік жеке жеңіліс болып қабылданбайды, ал ойындағы жеңіліс танымдық іс-әрекетке жағдай жасайды.

Ойында оқушылар өзара байланысты бірнеше мақсатқа жетеді.

Бірінші мақсат — ойына алынған рахат. Бұл мақсатта қуаныш әкелетін кез келген белсендіоікке дайын болу.

Екінші мақсат — қызметтік, ол ойын ережелеріне байланысты.

Үшінші мақсат — ойынның шығармашылық мақсатын көрсетеді (шешу, табу, нәтижеге жету, т.б.).

Ойынды ұйымдатырудың негізгі шарттары:

— ойынға қатысу үшін балаларға ешқандай талап қойылмауы;

— ойынның әсерлі дамуы;

— ойын атмосферасын қолдауы;

— ойындағы іс-әрекетті өмірдегі іс-әрекетпен байланыстыруы: мұғалімдер үшін ойындағы негізгі мақсатты балалардың шынайы өміріне кіргізуі;

— ойынның жай түрінен күрделі түріне өту формасының жүзеге асырылуы; ойынның жеңіл түрінен күрделі түріне көшу ұғымы біртіндеп тереңдетілген әртүрлі ойын ережелері мен тапсырмаларының мазмұнымен байланысты — електеуден — ойынға қатысу, ойын қалпынан — ойын жағдайына.

Ойынды басқара жүріп, мұғалім баланың жеке басының барлық жағына: оның санасына, сезіміне, ерік-жігеріне, мінез-құлқына ықпал жасайды. Ойынды негізінен ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық және дене мүшелерінің дұрыс қалыптастыру мақсаттары үшін пайдаланады. Мазмұны ойлай білуге құрылған ойын үрдісінде балалардың білімі мен түінігі айқындалып, тереңдей түседі.

Қазіргі ізгілендіру заманында әрбір баланың өз мүмкіндігін, қабілетін, іскерлігін, ойлауын, барлық ойын барысында байқау қажет, сонда ғана білімге, ынтасын арттырып, еңбексүйгіштікке, білімге құштарлық қасиеттерін нәтижелі қалыптастыруға болады.

  • 0ВКонтакте

  • 0Facebook

  • 0Одноклассники

  • 0Мой Мир

  • 0Google+

  • 0Pinterest

Баяндама тақырыбы: «Оқушылардың бойында патриоттық сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді тәрбиелеу» Мақсаты: Жалпы оқушылардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, əлеуметтік жауапкершілікті, отансүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік жəне көшбасшылық қасиеттерді дарыту. Міндеті: Оқушылардың отансүйгіштікке тəрбиелеу жəне олардың азаматтық

белсенділігін, əлеуметтік жауапкершілігін жəне əлеуетін ашу тетіктерін

қалыптастыруда психологиялық әдістемелер кешені арқылы іске асыру.

Елбасымыз атап кеткендей, біздің балаларымыз нақ осы білім беру жүйесінде өсетіні және қалыптасатыны және есейетіні. Бұл әрбір отбасын да толғандырады. Өскелең ұрпақ  ел ертеңі , ұлт болашағы. Еліміздің дамуы жас ұрпақтың тәрбиесімен тығыз байланысты. Халық даналары «Балаларды жақсы тәрбиелеуде – бұл біздің бақытты қарттық шағымыз, жаман тәрбиелеу – бұл біздің келешек қасіретіміз, бұл біздің көз жасымыз, бұл біздің басқа адамдар алдындағы айыбымыз» — деген екен. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» бекітілгендігі баршамызға белгілі. Білім беру жүйесін жаңғыртудың маңызды міндеттерінің бірі — өкілдері бәсекеге қабілетті білімді меңгерген, ой-өрісі дамыған ғана емес, жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымы, отансүйгіштік сезімі мен әлеуметтік жауапкершілігі қалыптасқан зияткер ұлтты қалыптастыру болып табылады.

Жас ұрпақтың болашағын қалыптастыруда педагог мамандардардың үлкен міндетінің бірі, міне, мен де педагог ретінде, яғни бүгінгі жұмысымды әр баланың бойындағы адами қасиетті психологиялық тұрғыдан қалыптастыру жолын қозғамақпын. Жас ұрпақтың саясатын іске асыру қазақстандық патриотизмді, рухани-адамгершілік мəдениетті тəрбиелеу, ұлттық сəйкестікті қалыптастыру негізінде жүзеге асырылып келеді. 2011 жылынан бастап:

-білім беру ұйымдарында спорт секцияларының желісі дамытылып келеді;

-қазақстандық патриотизмді қалыптастыру мақсатында тұрақты негізде мемлекеттік рəміздерді таныту, тарих, салт-дəстүр жəне ана тілін білу жөнінде іс-шаралар жалғасын табуда;

-түрлі жобаларды іске асыру арқылы оқушылар арасында қайырымдылық мəдениетін қалыптастыру жөнінде мақсатты шаралар өтілуде.

-Девиантты мінез – құлықты балалармен жұмысты жоспарланып, облыстық көлемінде іске асырылуда. Балалар мен жасөспірімдер арасында девиантты мінез-құлықтың алдын — алуы түрлі факторлардың өзара іс-қимылымен қамтамасыз етіледі: отбасы, мектеп, бос уақыттағы орта жəне тұтас қоғам.

Осы іске асырылып жатқан бағдарламаның әр бөлігі әр баланың санасын, мінезін, болашаққа сенімін, қоршаған ортамен қарым-қатынасын байланыстырып, жеке тұлға ретінде дамуына зор үлесі бар.

Оқушылардың əлеуетін ашу тетіктерін іске асыру

Ұйымдастырушылық қабілеті мен көшбасшылық қасиеті бар белсенді оқушылар мен шығармашыл оқушыларды қолдау мақсатында жыл сайынғы ұлттық конкурстар, ойындар, турнирлер, КТК, білім жетілдіретін байқауларға қатысу қамтамасыз ету көзделуде.

Оқушылардың əлеуетін ашу тетіктерін іске асыру жолдары:

— Тұлғаның өзіне сенімділігін қалыптастыру;

— Жеке, топтық кеңестер беру;

— Тренингтер, сауалнамалар жүргізу;

— Әңгімелесу;

— Ата-анамен, отбасымен, мұғаліммен тығыз байланыста болу;

Оқушылардың саясатын  жүзеге асыру нәтижесінде жас қазақстандықтың бойында мынадай құндылықтар қалыптасады:

Адалдық пен парасаттылық, ар-намыс пен тектілік екенін;

Қарапайымдылық, еңбексүйгіштік пен өзгеге көмек көрсетуге дайын болуды;

Еңбекке құрметпен қарауды;

Дәстүрге адалдық, үлкенге де, кішіге де сыйлы;

Достық, өзара көмек көрсету мен бірлікте болуды;

Қиындықтан қорықпай табысқа жетуді;

Отанға деген сүйіспешілік, оның өркендеуіне қызмет етуді.

Жас ұрпақ– келешегіміздің негізі ретінде өз білімімен, жасампаз еңбегімен және күш — жігерімен өз болашағын құрудың жаңа мүмкіндіктерін алу қажет. Ол ХХІ ғасырда Жаңа Қазақстанның — дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі сыйлы мемлекетті қалыптастыруды белсенді жалғастыруы қажет. Қазақ халқының тәрбие жүйесінде жас ұрпақты, қоғам мүшелерін Отанға, халқына, елге, жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеп, мұны олардың бойына сіңіріп, қалыптастыру жетекші орын алады.

Жаңа кезеңдегі білім берудің өзекті мәселесі жас ұрпаққа — адамгершілік-рухани тәрбие беру. Құнды қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру оның туған кезінен басталуы керек. Мектеп жасындағы баланың рухани — адамгершлік дамуы мектеп пен отбасы арасындағы қарым-қатынастың тығыздығы артқан сайын ойдағыдай жүзеге асады. Әрбір бала қандай да болмасын бір міндетті орындау үшін, өзіндік ерекше жағдайлар жасалады. Мәселен, ойында ұнамды әдеттер, өзара қарым-қатынастар, адамгершілік сезімдер қалыптасады, еңбекте-еңбексүйгіштік, үлкендер еңбегін құрметтеу, сондай-ақ ұйымшылдық, жауапкершілік, парыздың сезімі сияқты қасиеттер, патриоттық сезімдер жайлы мағлұматтар алу арқылы бойында адами қасиеттер қалыптасады. Адамгершілік тақырыбы- мәңгілік. Ол ешқашан ескірмек емес. Әр адам адамгершілікті күнделікті тұрмыс — тіршілігінен, өзін қоршаған табиғаттан бойына сіңіреді. Көрнекті педагог В. Сухомлинский «Егер балаға қуаныш пен бақыт бере білсек, ол бала солай бола алады»,-дейді. Демек, шәкіртке жан-жақты терең білім беріп, оның жүрегіне адамгершіліктің асыл қасиеттерін үздіксіз ұялата білсек, ертеңгі азамат жеке тұлғаның өзіндік көзқарасының қалыптасуына, айналасымен санасуына ықпал етері сөзсіз.

Адамгершілік қасиеттерді оқушы бойына дарыту үшін:

Балаға жақын болу;

Мұғалім, ата-ана өзін тәрбиелеу керек;

Қазақтың әдебиетін, тарихын, мәдениетін білуі қажет;

Талап қою, орындату;

Жылы сөз, әдемі күлкі, терең ой, жақсы мінез қалыптастыру тиіс.

Рухани-адамгершілік тәрбиесінде алдымен баланы тек жақсылыққа — қайырымдылық, мейірімділік, ізгілікке тәрбиелеуде жоғарыдағы ұстанымдарды ескерсек, ұстаздың, ата-ананың да болашағы зор болмақ. «Мен үш қасиетімді мақтан тұтам», — депті Ақан сері. Олар: жалған айтпадым, жақсылықты сатпадым, һәм ешкімнен ештеңені қызғанбадым. Бұл үш қасиет әркімнің өз құдайы. «Өз құдайынан айырылған адам бос кеуде» деген екен. Шындығында, бұл ақиқат. Олай болса, жеке тұлғаны қалыптастыруда, олардың жан дүниесіне сезіммен қарап, әрбір іс-әрекетіне мақсат қоюға, жоспарлауға, оны орындауға, өзіне-өзі талап қоя білуге тәрбиелеу — адамгершілік тәрбиенің басты мақсаты. Мақсатқа жету үшін сан алуан кедергілер болуы мүмкін. Ондай қасиеттерді бала бойына жас кезінен бастап қалыптастыру жеке тұлғаны қалыптастырудың негізін қалайды. «Еліміздің күші- патшада, сәбидің күші- жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз- адамгершілігімізде болуы керек. Ол үшін Ақанның осы үш қасиетін бала бойына дарыта білсек — ұлы жеңіс болары анық.

Осы орайда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет»,- деп айтқан болатын. Ал, сондай ұлтты алға жетелейтін білімді, патриот, еңбекшіл, өз салт- дәстүрін, мәдениетін, тілін, дінін, ділін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық. Көшбасшы ұйымдағы адамдарға әлеуметтік, психологиялық, эмоционалдық тірек, қоршаған ортаға білім, моральдық құндылықтар беруші, қоғамдық өмірде, топта белсенді мүшесі. Ал, оқушылардың көшбасшылық қабілеттілігі дегеніміз – ол басқару іс-әрекетіне деген жағымды мотивациясы негізінде басқару туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-әрекеті және қоршаған ортадағы құбылыстарды басқаруда қолдана алу қабілеттілігін сипаттайтын жеке тұлғаның кіріктірілген қасиеті. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев жастарға арнаған бір сөзінде: «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, адамзаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп, еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!», – деген еді. Бұл сөздерді қайталап оқыған сайын біздегі жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиет қандай деңгейде екен?»деген сұрақтар туындайды.

Көшбасшы (интеллектуалды) тұлға дамыту үшін:

  1. Сенім

  2. Бақылау

  3. Қосымша жұмыстар (деректер, ізденістер)

  4. Жауапкершілік

  5. Бағалау

  6. Қолдау

Қазіргі өркениетке ұмтылған қоғам талабына сәйкес, Қазақстан Республикасының дамыған елдерімен иық тіресіп тұру үшін, еліміздің болашағы мен қазіргі кезеңі үшін білімді, зерделі, өз бетімен іс — әрекет ете алатын, қоғамнан өз орнын таба алатын шәкірттерді дайындау ұстаздың міндеті. Әр баланың санасын ояту үшін, өмірге, болашаққа деген қызығушылығын арттыру үшін түрлі әдіс-тәсілдер қолдана білуіміз шарт. Сондықтан да, болашақ жас ұрпақ өзіне керекті қызықты, өмірдің қыр –сырларын түсіну үшін, бойындағы шығармашылық, дарындылық қабілеттері мен ұйымшылдық, белсенділік қасиеттерін дамытатын әдістемелер, сергіту сәттері арқылы қалыптасады.

Ұлы педагог В.А.Сухомлинский: «ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды»,- деп бекер айтпаған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез – келген іс – әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезіну керек, әр оқушының ойынға қатысудағы психологиялық және интеллектуалдық дайындығымен қасиеті сипатталады. Ойын арқылы оқушылар отбасыға, отанға, жан-жағына деген қарым-қатынасы, сүйіспеншілігі, жоғары адамгершілік құндылықтарын бойларына сіңіреді. Ойын әрекеті әр оқушының бойындағы жақсы қасиеттерді қалыптастыруға, әлеуметтік өмірдегі процестерге өзінше баға беру мен пайыздай алушылыққа үйретіп, адамдармен қарым- қатынас жасауға тәрбиелейді, өмірге деген көзқарасы жақсарады, зейіні арта түседі, есте сақтау қабілеті дамиды. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады.Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А.С.Макаренконың: «Ойын балалар өмірінде өте маңызды зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды» деген ойымен келісемін. Оқушы өмірінің көп бөлігін 45 минуттық сабақ кезінде өтеді. Міне, осы кезде оқушы тек білім алып қана қоймай шығармашылықпен зерттей білуге үйренеді, бойына іздену, жауапкершілік, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеті дариды.

Оқушылардың шығармашылық, отансүйгіштік, адамгершілік қасиеттерін дамытуда:

Мәселен, «Менің бейнем», «Мен бақыттымын», «Белсендімін бе?», «Өмір керемет» атты тағы да басқа психологиялық жұмыстар жүргізу арқылы баланың өмірді, қоршаған ортаны танып білу, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері ойын үстінде қалыптасады. Ойын дуниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспетті, ол арқылы баланың рухани сезімін, өзін қоршаған дүние туралы ұштастырады. Әрбір ойынның бала үшін білімділік мақсаты ғана емес, тәрбиелік, танымдық мақсаты зор. Ойын түрлері:

  1. Ұлттық.

  2. Дидактикалық.(пән бойынша тапсырма, мақал –мәтел, жұмбақ)

  3. Логикалық.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:

  • Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.

  • Ойынға кірісер алдында оның жүргізулі тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

  • Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне , ойлана білуіне жетелеу.

  • Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

  • Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Елжандылық адам баласына туа бітпейді. Ол айнала қоршаған дүниені дұрыс танып білгенде ғана пайда болатын құбылыс. Айнала қоршаған ортадан беймәлім нәресте дүниеге келгенде мейірімділік пен шындықты, батылдықты, жауапкершілікті, сатқындық пен әділетсіздікті, пайда күнемдікті кездестіреді. Өмірлік тәжірибесі енді ғана қалыптасып жатқан даланы ненің жақсы — жаман қасиет екенін тани білуге тәрбиелеу және қалыптастыру маңызды мәселе. Баланы елжандылық рухта қалыптастырудың алғашқы кезі мектепке дейінгі жастан басталып әрі қарай жан – жақты жүзеге асатын үрдіс. Әсіресе, бастауыш сынып оқушылары айналамен таныстыруда сезім мүшелерінің — көру, есту, түйсіну, иіскеу, сипап сезу сезімдері белсенді жұмыс жасап, одан әрі даму қарқынды түрде дамып отырады. Психология ғылымында ғалымдар сезімнің бірнеше түрлерін қарастырған: сезім тәрбиелеудің құралдарын қазақ халқының үш құндылық сезімі арқылы қарастыруға болады:

Жас ұрпақтың тарихи тұлғалардың жүріп өткен жолынан алар өнегесі мен рухани тәлім-тәрбиесі ұшан-теңіз, осы адамгершілік құндылықтарды  оқушылардың бойына сіңдіре білу ұстаз — біздің парызымыз болмақ!

Қазіргі білім берудің басты мақсаты — шығармашыл тұлға қалыптастыру. Егеменді еліміздің ең басты мұраты өркениетті елдер қатарына көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның алатын орны ерекше. Осы орайда оқушының танымдық, шығармашылық қабілетін дамыту — мектеп мұғалімдердің алдында тұрған жауапты міндеттердің бірі.

Шығармашылық дегеніміз — оқушының белсенділігі мен дербес іс-әрекетінің ең жоғарғы түрі. Бұл мәслені шешуде шығармашылық тапсырмалардың орны ерекше. Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін — оқушылық деңгейден шығармашылық деңгейге көтеруге жол ашады. Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту жолдарын үш кезең арқылы жүзеге асыруға болады.

1. Логикалық ойын дамытатын тапсырмалар (сөзжұмбақ, ребус шешу, жұмбақ, мақал-мәтел, қанатты сөздер құрастыру).

2. Берілен тапсырманы түрлендіру бағытындағы жұмыс түрлері (мәтінді өңдеу, берілген мәтіннен диалог құрастыру).

3. Өз ойынан еркін тақырып құрастыруға берілген жұмыс түрлері (өлең, ертегі, әңгіме, шығарма жазу).

Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін басым міндетті оқушының өз қолына беріп отырған дұрыс. Бұл орайда сыныпты топқа бөліп тақырыпқа сәйкес өлең құрастыру, қанатты сөз ойлап табу, шағын мөлтек сыр жазу тапсырылады.

Сабақ барысында баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруды басты назарда ұстау керек. Бала өзінің бұған дейінгі білетін білігінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезінетідей жадайға тірелуі керек. Сонда ғана ол білуге ықыластанады, әрекеттенеді. Сабақ барысында мұғалім ұйымдастырушы, бағыттаушы адам ретінде болуы тиіс. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Оқушы өз тұжырымын дәлелдеуге талпыныс жасайды.

Шығармашылық сабақтардың оқушылар үшін мынадай маңызды жақтары бар:
*оқушының танымдық іздемпаздығы қалыптасады;
*сұрақтарды, мәселелерді терең талдауға үйренеді;
*шығармашылық ой — өрісі артады;
*кітаппен жұмыс, көркем және ғылыми әдебиеттер, баспа материалдарымен жұмыс істеу біліктерін қалыптастырады;
*ұжымдық ой — пікірлері жетіледі, топ мүшелерінің пікірлерімен ортақ тұжырым жасауға үйренеді;
*мұғаліммен оқушылардың қарым — қатынасы ынтымақтастықта болып, сенімділіктері артады;
*оқушы өз ойын еркін айтуға, сөз мәдениетіне үйренеді;
* білімін жүйелі түрде толықтыруға үйренеді;
*өз әрекетіне сын тұрғысынан қарауға үйренеді;
*тұжырым жасап қорытындылауға үйренеді;

*оқу міндеттерін тиімді шешу мүмкіндігін таниды;

*дүниетанымы кеңейіп, рухани дамиды;

*дарынды тұлға ретінде “мен” деген пікірі қалыптасады;

* бәсекелестік қабілеттері дамиды;

*мұғалімге тәуелділіктен арылып, шығармашылық жұмыстарға белсене араласуға үйренеді.

Оқушылардың дүниетанымын кеңейту, шығармашылық жұмысқа баулу, ізденушілік әрекеттерін жетілдіруде сыныптан тыс жұмыстарды жүргізудің маңызы зор.

Пәндік бағыт бойынша оқыту, үйрету әдістері арқылы оқушылар бойында мынадай дағды-әрекеттер қалыптасады: өз бетінше шығармашылық ізденіс жұмыстарын жүргізеді; зерттеу тәсілі арқылы көркем шығармаға идеялық-көркемдік баға беретін дәрежеге жетеді; түрлі сайыстарға қатысу белсенділігі артады; пәндік теориялық білігі молаяды; ойын әдеби тілде көркемдеп жеткізе алады; көркем шығармаға әдеби-теориялық кешенді талдауды меңгереді; сөйлем талдаудың кешенді жолдарын игереді; барлық іс-әрекетте шығармашылық бағыт ұстанады; ақпараттармен өз бетінше жұмыс атқара алады.

Қазіргі таңда мектеп алдындағы ең басты міндет — оқу-тәрбие үрдісінде ұлттық игіліктер мен адамзаттың мәдени мұраларының сабақтастығын сақтай отырып оқушылардың дүниетанымы мен шығармашылық қабілетінің қалыптасуына жағдай жасау.

Әдебиет пәнінің жас ұрпақты уақыт талабына сай етіп тәрбиелеу ісіне қосар үлесі үлкен. Оқушы осы пәннің талабын орындау мақсатында түрлі жанрдағы көркем шығармаларды оқиды, ізденеді.

Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденісте болу керек. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні– оқушыға өмірге араласқанда оның қоғамдағы қызметіне көмегін тигізетін, күнделікті өмірінде қажетіне жарайтындай білім бере алатын аса білікті пәндердің бірі.

Оқушылардың танымдық қабілетін арттыру, оларды білуге ынталандыру, шығармашылыққа ұмтылдыру, ойлана, іздене білім алуға, өз ойын дәлелдеп, тиянақты айтып беруге дағдылану сияқты сапаларды оқушы бойына дарыту — білім саласының өзекті мәселесі.

«Оқыту үрдісінің үш түрлі құрамды бөлігі бар, ол — ғылым, шеберлік, өнер» дейді белгілі педагог В. А. Сухомлинский. Осы қасиеттер мұғалім бойынан табылса, сонда ғана ол сабақ үстінде білімділік пен тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асыра алады.

Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруда мына жолдарды есте ұстанған жөн:

1. Сабақты халық педагогикасымен ұштастыра отырып оқыту

Оқыту мен тәрбиенің қайнар көзі — халықтық педагогика. Балаларды халықтық салт — дәстүрді, әдет — ғұрыпты қастерлеп құрметтеуге үйреткен, тәрбиелеген абзал. Халық педагогикасының түрлерін сабақта пайдалану — оқушылардың сабаққа қызығушылығын, белсенділігін, шығармашылық қабілетін дамытуда өте тиімді екені мәлім.

2. Өнермен байланыстыра оқыту

"Әнге әуес, күйге құмар бала жаны сұлу, өмірге ғашық болып өседі"

(Мұхтар Әуезов).

Көркемөнердің бір саласы болып келетін әдебиет пәнінің басты құралы — сөз өнері. Ендеше "Әдебиет пен өнерді" байланыстыра оқытуды жүйелі түрде сабақ барысында қолдану нәтижесі жоғары жетістіктерге жетелейді;

3. Пікірталас түрлерін пайдалана отырып оқыту (пікір алмасу, ойталқы, ойкөкпар, пікірсайыс, т.б)

Пікірсайыс сабақтарын өткізу үшін алдымен жақсы жағдаят бола алатын тақырып таңдалғаны жөн. Тақырып сәтті таңдалған уақытта оқушылардың этикалық — эстетикалық талғамын оятып, сезіміне әсер етіп, білім іскерліктерін, шығармашылық мүмкіндіктерін дамыта аламыз.

4. Сыныптан тыс шығармашылық жұмыстарды өткізу (Мысалы: "Әдебиет көшбасшысы" зияткерлік сайысы, жыр мүшәйраларын өткізу, Абай, Шәкәрім, Сәкен, Ілияс, Мұқағали оқулары, ақындар айтысы, т.б.)

Осы орайда оқыту үдерісін ұйымдастыру, дәстүрлі, дәстүрлі емес түрлерін қолдану, сыныптан тыс жұмыстардың әсерлігін арттыру — оқушы қабілетін анықтауға негізделген маңызды әрекеттер екені сөзсіз.

5. Ғылыми — зерттеу жұмысына баулу, бағыттау

Оқушыларды ғылыми жұмысқа баулудың басы оларды өз беттерімен орындалатын зерттеу, іздендіру бағытындағы тапсырмаларға төселдіруден басталады.

Шеберлік — сөздің орнын таба білу. Әрбір сабақ басталар алдында оқушыны қызықтырып әкететіндей кіріспе ойлап табу керек. Бейнелі сөздер, қызықты мәлімет, тартымды үзінді оқу мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Біздің мақсатымыз — мұғалімді тыңдап қана отыратын, сұрасаң ойын емес, бойын көрсететін оқушы емес, керісінше, өз пікірін ашық айтып, тыңдаушысын нандыра алатын, ана тілінің асыл маржандарын өз шығармашылығында қолдана алатын жеке тұлға, азамат даярлау.

Шығармашылық қабілетті дамыту мәселесі қай кезде де ойшылдар мен ғалымдардың назарындағы нысан болып келеді. Психологтар шығармашылық қабілетті дамытуды тұлғаны дамытудың ең басты тетіктерінің бірі ретінде қарастырады, өйткені шығармашылық іс — әрекеттің нәтижесі оның қайталанбайтындығымен, бірегейлігімен ерекшеленеді.

Қазақ тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмыстарға жетелеуде жазба жұмыстарының маңызы зор. Жазба жұмыстары — оқушының іс-әрекетіне негізделген ой еңбегі, шығармашылық ізденісінің жемісі, білімінің көрінісі.

Қазақ тілінде жазба жұмыстары арқылы шығармашылық жұмыстарға қол жеткізу — мұғалімнің де шеберлігін талап ететін өнімді ізденіс.

Қазақ тілінде жүргізілетін жазба жұмыстарының мақсатын А. Жапбаров төмендегіше көрсетеді: «Жазу жұмыстарын жүргізудегі басты міндет — шәкірттерді кітаппен жұмыс істей алуға, өздігінен іздене білуге, өмірден көрген, тұшынған мәселелерге байланысты пікірін дұрыс жеткізіп, ой — түсінігін, сезімдік әсерлерін нақты тұжырымдап жаза алуға үйрету болуға тиіс».

Тілді оқытуда жүргізілетін жазба жұмыстары оқушылардың жазылым әрекетін қалыптастырады. Осы әрекетті орындау үшін жазба жұмыстарының бірнеше түрлері қолданылады. Жазба жұмыстарының түрлеріне жаттығулар, түрлі мәтіндер, диктант, мазмұндама, шығарма, т.б. жатады. Жазба жұмыстарының бұл түрлері өтілген әр тақырыптың ыңғайы мен мазмұнына сәйкес белгіленіп, оқушылардың теориялық білімдерін нығайту мақсатында жүргізіледі, яғни, жазба жұмыстары бұрын өтілген грамматикалық материалдарды оқушылардың санасына тұрақтандырып, ақыл — ой әрекеттері арқылы тиянақты меңгеруге бағытталады.

Оқушылардың шығармашылық әрекеті мен танымдық қабілеттерін арттыруда мәтіннің алатын орыны ерекше. Әдеби шығарманы оқып — үйренуде оқушы өзінің шығармашылық ойлау қабілетін дамытып, сол оқыған туындысы негізінде ой — тұжырымдар, дұрыс пайымдаулар, тың қорытындылар жасауға ұмтылады. Мәтіндерді оқу, талдау барысында оқушылардың оқиғаға қатысты өз ойларын жеткізулеріне, әңгіме кейіпкерінің қылықтарын бағалай білуіне, автордың оқиғаға қатысы, көзқарасы қандай екендігін анықтай алуына назар аударылуы тиіс.

Жаттығулар мақсатына қарай тіл дамыту, тіл ұстарту, сөз мәдениеті құралдарын қолдану жаттығулары деп, ал тапсырмалар сипатына қарай ізденімдік, проблемалық және шығармашылық болып бөлінеді.

Проблемалық және шығармашылық тапсырмалар оқушылардың ойлау, танымдық, қатысымдық қабілеттерін дамытуға бағытталады. Бұл жұмыстарда мәтіндерді редакциялау, мәтін бойынша өзгеше нұсқа құру, эссе, шағын шығарма жаздыру секілді жұмыстармен қатар жоба жасау, проблемалық жағдаяттарды шешу, сөзжұмбақтар және т.б. әрекеттер қамтылады.

Жазба жұмыстарының ішінде оқушылардың өзіндік ойын, тілін қалыптастырудағы жұмыс түрі шығарма болып табылады. Ол — оқушылардың шығармашылық еңбегі.

Оқушыға шығарма жазғызудағы мақсат — оның ойын, пікірін әдеби тілмен жатық, сауатты жаза білуге және шығармашылық ізденіске баулу, логикалық ой өрісін кеңейтуге машықтандыру.

Көркем мәтінді меңгертуде жиі қолданылатын жазу жұмыстарының бірі — мазмұндама. Мазмұндама жаздыру арқылы оқушылар оқыған мәтінді қабылдап, сол қабылдағандарын қайта жаңғыртуға тиіс және естерінде қалған мәліметтерді өз сөздерімен жазып беруге дағдыланады, сөз тіркесін құру, сөйлем құрау шеберлігіне жаттығады. Мазмұндама жазу арқылы бірқатар сөз тіркесі мен сөйлемдер, бейнелі сөздер оқушының есінде қалады, оқылған мәтінді қайта жаңғырту үшін сөздер мен сөйлемдерді бір — бірімен байланыстыруға жаттығады.

Мазмұндама жаздыру- оқушылардың тілдік материалдарды орынды қолдана білуге, жазбаша сөйлеудің ерекшелігі мен мәтіннің синтаксистік құрылысын меңгертуге, ең бастысы — қайта жасау қиялын дамытуға игі ықпал етеді. Осындай білім дағдыларын қалыптастыруда мазмұндаманың мынадай түрлерін жүргізуге болады: дайын мәтін бойынша мазмұндама, сурет бойынша мазмұндама, аяқталмаған мәтін бойынша мазмұндама.

Жазба жұмыстары оқушылардың танымдық белсенділіктерін, ойлау жүйесін арттыруға көмектеседі. Жазба жұмыстарынан әр баланың өзіндік көзқарасы, эстетикалық және адамгершілік танымы, эмоциясы, пікірі, талдау, қорытындылау, салыстыра білу және одан қорытынды жасау қасиеттері байқалып тұруы қажет.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орындалуы тиіс.Олар:
1.Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;

2.Жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болу;

3.Шығармашылық іс- іс-әрекетке жағдай туғызу.

Шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың төмендегідей түрлері бар:
*Тақырыпты мазмұнына сай жинақтау

*Арнайы бір тақырыпқа пікірталас тудыру

*Шығарма, шағын әңгіме құру

*Сөзжұмбақ құру, шешу

*Қиялдау арқылы сурет салу.

Осындай жұмыстарды үнемі жүргізу шығармашылыққа баулуға, шәкірт бойындағы талант көзін ашып тілін байыту қиялын ұштаумен өз бетінше ізденуге зор әсерін тигізеді.

Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдікбілім кеңістігіне ұмтылу — мектеп оқушыларыныңдербестігін, ізденімпаздығын, белсенділігі меншығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талапетеді. Сондықтан оқушылардың мектепте оқыпжүрген кезінде олардың ойлау белсенділігін дамытып, білімі мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайындапайдалана білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұлміндеттердің жүзеге асуы оқушылардыңшығармашылық іс-әрекеттерін оңтайлыұйымдастыруға тікелей байланысты.

Шығармашылық — танымдық іс-әрекет нәтижесіболып табылады. Осы жерде шығармашылықұғымына тоқтала кетейік. Шығармашылық дегеніміз— өзінің жаңашылдығымен, өзгешелігіменерекшеленетін өнім алуға мүмкіндік жасайтын жеке тұлғаның бойындағы қабілеттіліктің, білім менбіліктіліктің, түрткінің (мотивтік) болуы.

Көптеген зерттеулерді талдау нәтижесіндешығармашылық іс-әрекет нәтижелері оқушыныңжеке тұлғасына, біліктерінің жетілуіне, психологиялық тетіктер аркылы оң әсерлері баррефлексия нәтижесінде өз әрекетіне және соләрекеттің бірлескен іс-әрекет мазмұны мен түрінесәйкес көзқарастары қалыптасатыны анықталыпотыр.

Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындаушығармашылықты, ізденімпаздықты талап етеді, сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау: өзекті мәселені табу, мақсаты мен міндеттерін айқындау, зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу, болжам құру, болжамды тексеру, нәтиже, іс-әрекет рефлекциясыкезеңдерімен жүзеге асады.Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оныжоспарлау оқушыдан зеректік, ізденімпаздық, енбеққорлық, шабыт, мақсаткерлік, белсенділік,қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным сияқтыкөптеген касиеттерді талап етеді. Мұғалім оқушылардың танымдық іс-әрекетінтиімді ұйымдастыру біліктерін дамытуы кажет.Оқушылардың шығармашылық іс-әрекетінжетілдіру бағыты танымдық біліктерінің қалыптасубелгілеріне, танымдық тапсырмаларды орындаумүмкіндіктеріне қарай оларды шартты түрде мынадай3 топқа бөлуге болады.

Бірінші топ— танымдық іс-әрекетте табанды, міндеттері мен мақсатын біледі; ізденімпаз, пәнбойынша дербес шығармашьлық жұмыстарға белсенеқатысуымен ерекшеленеді.

Екінші топ- ізденіске ұмтылады, бірақшығармашылық тапсырмаларды орындауға барлықуақытта бірдей бейімділік көрсете бермейді.

танымдық тапсырмаларды орындау әдіс-тәсілдерінтабуға құлшыныс білдіреді; тапсырмалардыорындауда мұғалім көмегін кажет етеді.

Үшінші топ— шығармашылық сипаттағытапсырмаларды орындауға құлықсыз; белсенділігітөмен; репродуктивті сипаттағы тапсырмалардыұнатады; жұмысты орындауда үлгіні кажет етеді, оныорындауда көмекті қажетсінеді.

Сонымен, шығармашылық іс-әрекет талаптарын, сондай-ақ оларды мектепте ұйымдастыру жолдарынзерттеу — мәселені дамытып, жетілдіру тетігінанықтауға және мынадай тұжырымдар жасауғамүмкіндік береді:

*оқушылардың шығармашылық дербестігіндамыту арқылы оның жеке тұлғасын қалыптастыруғаболады;

*танымдық іс-әрекет түрлері төменнен жоғарықарай, кезекті түрде, белгілі бір ретпен, жүйеменжүргізілуі нәтижесінде шығармашылығы дамиды;

*танымдық іс-әрекетті дұрыс ұйымдастырубіліктері мен ізденімпаздықтың қалыптасуыоқушыларды шығармашылыққа баулиды;

Оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындаумүмкіндіктеріне қарай топтарға бөліп, сәйкес жұмыстүрлерін таңдап, жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор.Танымдық іс-әрекетте дәстүрлі емес әдіс-тәсілдерді пайдалану зияткерлік қабілеттеріндамытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер
жасауға талаптандырады.Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын қалыптастыруға бағытталған шақтар түрлері төртке бөлінеді: «танымдық, коммуникативтік, шығармашылық, әдіснамалық».

Оқушылардың танымдық ізденімпаздығын арттыруда шығармашылық сипаттағы сабақтар түрлерін өткізудің маңызы зор.Мұндай түрдегі сабақтардағы түрлі оқу жұмыстары оқушының шындық белсенділігін арттырып, оқу мен ойлау әрекетінің тиімді амал-тәсілдерін, яғни материалының негізгі ұғымдары мен тұжырымдарын айыру, жаңа материалды өткен материалмен салыстыру оларды белгілі жүйеге топтастырады және қортындылау жасау сияқты амалдарды дайындауға үйренеді.

Шығармашылық сабақтардың жоспарын жасауда оқушының шығармашылық әрекетінің бағдарына сәйкестендіріп, олардың қабілеттері ескерілуі тиіс. Оқушылардың шығармашылық әрекетін тудыратын сабақтарды өткізу жоспары мен кезеңдерін қарастырамыз.

Шығармашылық сипаттағы сабақтардың жоспарын жасау үшін
тақырыбы, мақсаты, әрекет түрі және нәтижелері бір-біріне жуық
байланысты сабақтарды топтастырып, таңдап алуға болады. Жалпы бағдарламада көрсетілген пәндік сабақтардың әр тарауында жететін жетістіктері негізінде оқушылар білім алуда нәтижеге жетеді.

Оқушылардың шығармашылық әлеуетін көтеруді мұғалім алдына
мақсат етіп қояды. Мұғалім оқушы күйіне кіріп, олардың тақырыпқа қатынас әрекетін ойлайды, өтілетін сабақтың проблемасына қажет жағдайда жоспарланған сабақ мазмұны мен оқыту әдістеріне түзетулер енгізеді.Сабақ тақырыбы бойынша мұғалім оқулықтар, кітаптар, әдістемелік кітаптар, басқа да материалдармен танысады. Мұғалім өзіне, оқушыларға қызықты болатын мәселелерді іздестіреді. Осы мәселелер жөнінде көптеген материалдарды қарастырып, мамандардың пікірлерін ескере отырып, табу қажет. Әр оқушының пән бойынша ізденімпаздық деңгейлері анықталады. Сонымен қатар пәнге қабілеттілігі, қызығушылығы анықталады. Шығармашылық — әр оқушының жеке қабілеттері мен мүмкіндіктерінің, танымдық іс-әрекеттері мен дағдыларының дәрежесін көрсетіп береді.

Шығармашылық дегеніміздің өзі ізденімпаздықтан туады.Баланың өзіне деген сенімін туғызу, өзінен шығармашылық қасиет іздете білу. Шығармашылыққа баулу, қалыптастыру процесі нақ мектепте басталады. Кез-келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесінде өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамытады.

Ұстаздық тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым:

*рухани бай, жан-жақты, түсінігі мол, өзін-өзі басқаруға, бір-бірінің пікірін тыңдап, бағалай білуге қалыптастыру;

*әдебиет сабағында оқушылардың қабілетін арттыру және дамытудың тиімді әдісін қалыптастыра білу;

*ойын ажарлап ашуда тіл шеберлігіне мән беру;

*қосымша әдебиеттер оқып, білімді күнделікті толықтыру;

*«сенің қолыңнан келеді», «сенен үміт күтеміз» деген сөздермен үнемі шабыттандырып отыру;

*үй тапсырмасын беруде оқушы бейімділігін, қабілетін ескеру.

Өзім жүргізетін сабақтарда оқушыларға бес түрлі деңгейде тапсырма беремін.

Оның бірінші деңгейінде мәтінді түсініп оқып, мазмұнын айта білу;
Екінші деңгейінде образдарға мінездеме беру;
Үшінші деңгейінде шығармадағы метафора, эпитет т.б. да көркем сөздерді тауып оқу, дәптерге тіркеу;

Төртінші деңгейінде мәтінге деген өз көзқарасы, оны өз ойымен аяқтау, баға беру;

Бесінші деңгейінде мәтінге байланысты өз шығармашылығы бойынша жұмыстар жүргізу. Міне, осы әдістерден кейін тапсырмаларды орындау-шығармашылық жұмыстың бастамасы болмақ.

«Шығармашылық» ұғымының жалпы теориясын зерттеген С.Л.Рубинштейн «Оқушы шығармашылығының ерекшелігі оның сапалы түрде мақсатты әрекет жасауымен анықталады» — дей келе, «шығармашылық, шешімінің нәтижесі баланың өзі үшін жаңалық болса жеткілікті» екендігін айтады, яғни баланың шығармашылық өнімді еңбегі оның жеке тәжірибесімен салыстырылады.

Шығармашылық жұмыста, әсіресе, бала қиялының орны ерекше. Бұл жөнінде М.Жұмабаевтың айтқан тамаша пікірі бар: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиісті». «…Баланың атаға тартуы рас болса, сиқырлы даланың баласы – қазақ баласы қиялқұмар болуға тисті». Педагог ғалымның айтқанының сөз өнері — әдебиетке тікелей қатысы бар. Өйткені М.Жұмабаевтың сөзімен айтқанда, «қазақ баласының жаратылысы соны тілейді».

Оқушыларды шығармашылыққа баулудың, өзіндік іс-әрекетін ұйымдастырудың түрлері өте көп.

1.Тәрбие сағатында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту

Тәрбие сағатының өзінде де оқушы шығармашылығына үлкен жол ашуға болады. Ол үшін мен мынадай жолдарды атап өтер едім:
*Өтілетін тақырып бойынша оқушыға тірек сөздер беріледі де, шығарма немесе ойтолғау жаздыруға болады;
*Тақырып мазмұнына орай сурет салдыру;
*Өтіп отырған тақырыбымызға байланысты қосымша мақал-мәтел, нақыл сөздер жинастырып келу;
*Өлең шығарту.
2. Әдебиет сабағында оқушының шығармашылық қабілетін дамыту:
*Қазақ поэзиясына және прозасына композициялық талдау;
*Ақынның өмір жолына байланысты хронологиялық кесте толтыру;
*Ақын-жазушылардың дүниеге келген жерлерін облыс, аудан, аймақ бойынша топтастыру;
*Кейбір тақырыптарға шығарма, пікір, ойтолғау жаздыру.
3. Үйірме жұмыстарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту:

*Ертегі құрастырту;
*Ақындардың стилі бойынша өлең шығарту;
*Диалог құрастырту;
*Әңгіме, ойтолғау жаздыру;
*Ақындарды өлеңдерін жазып, жаттау;
*Реферат жазу
4. Әдебиет туралы пікірлер жинату

Оқушының жеке тұлғасын, рухани әлемін, ынтасы мен қабілетін дамыту бүгінгі күннің негізгі мәселелердің бірі. Себебі: оқушылар өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге, өз бетінше білімді тәжірибеде, өмірде пайдалануға дағдыланбаған. Осы мәселені шешу жолында оқу материалын түсіндіру кезінде оқушылардың сезіміне, эмоцияға ықпал ету арқылы ынта-ықыласын, қызығушылығын күшейту қажет.Ұстаз еңбегі оқушы білімімен өлшенеді десек, ұстаз еңбегінің күрделілігі — әрбір оқушы жүрегіне жол таба білуінде. Әрбір баланың бойындағы қабілетті дамыту арқылы өзін, өмірді, әлемді танып білуге, қоғам алдындағы жауапкершілік қасиеттерін сезіндіре білуінде жатыр.

Осы орайда өзімнің ұстаздық тәжірибеме сүйене отырып, шығармашылық жұмыс нәтижелерінің жемісін көрсете кетейін.

«Жас қалам» әдеби-шығармашылық үйірме оқушыларының Халықаралық «Дала» журналында және Республикалық «Алтын Орда» газетінде жарық көрген шығармалары

Аймақтық «Бәйтерек» газетінде жарияланған шығармалардан

«Тілім – терең қазығым, рухани азығым» атты қалалық сыныптан тыс жұмыста көрсетілген шығармашылық жұмыстардан көрініс

«Сыныптан тыс жұмыс – оқушы шығармашылығының бастауы» атты қалалық сыныптан тыс жұмыстар байқауында көрсетілген шығармашылық жұмыстан көрініс.

Әдебиет — сөз өнері. Әдебиет — әсемдік әлемі. Адам жанына жалын шашатын да, сәби жүрегіне адамгершілік нұрын шашатын да — әдебиет. Әр оқушы — бір Жұлдыз. Жарқырауына жәрдем беретін — мұғалімдер. Сондықтан әр ұстаз сол жұлдызды сөндіріп алмай, мәңгілік жағатын құдірет иесі болуы керек. Ол үшін оқытудың түрлі тиімді тәсілдерін меңгеріп, оны күнделікті сабақта қолдана білуі тиіс.

Педагог К.Д. Ушинский былай деген: “Біз жан-жақты жеке тұлға тәрбиелегіміз келсе, ол тұлғаны жан-жақты зерттеп білуіміз керек”. Осы ой бүгінгі таңда мұғалім әрекетінің тұжырымдамасы іспеттес. Соған байланысты оқушының тұлғалық құрылымы мен басты белгілерін және сапаларын анықтаудың мәні зор.

Оқушылардың бойына адамгершілік тәрбиені қалыптастыру Жоспар:
1. Кіріспе.
«Жеке тұлғаны қалыптастыру»
2. Негізгі бөлім.
1. Шығармашылық тапсырмалар рөлі.
2. Тәрбиенің маңызы
3. Қорытынды
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп,көріп,ұстап,татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды,
сондайдан білгені,көргені көп болған адам білімді,тәрбиелі болады.»
Абай.
Мақсаты:- Оқушылардың санасына ,сезіміне және тәртібіне қоғамдық тәртіп талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру;
— Әлемдік өркениет пен жалпыадамзаттық рухани мәдени құндылықтарды ұрпақ санасына сіңіру;
— Жас ұрпақ санасында жалпы Қазақстандық патриотизм сезімін қалыптастыру;

Міндеті: -Адамгершілік сананы қалыптастыру;
-Адамгершілік сезімді дамыту және тәрбиелеу;
-Эстетикалық білім беру;
-Адамгершілік тәрбиесіндегі іскерлік пен дағды;

Адамгершілік-адамның рухани арқауы. Ал моральдік жағынан кіршіксіз таза болу дегеніміз- адамгершіліктің асқар шыңы.Адам баласы қоғамда өзінің жақсы адамгершілік қасиеттерімен артақталады. Адамгершілік қасиеттің негізі имандылық пен ізеттілікте. Ол әрбір отбасынан басталады.Осыны жадында тұтқан қазақ халқы жастарды кішіпейілдікке,ізеттілікке,инабаттылықа тәрбиелеуді бірінші міндет деп санаған.
Ер балаларға үлкендерге қол қолдап сәлем беруді,қыз балаларға ибалық жасап жол беруді,жас үлкендердің алдын кесіп өтпеуді уағыздаған. Жастардың жанына сыпайылық,кішіпейілдік қағидалар үнемі сіңірумен болған.
Адамгершілік тәрбие дегеніміз- мақсатты және жүйелі түрде тәрбиеленушінің санасына , сезіміне және тәртібіне қоғамдық тәртіп талаптарына сәйкес адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
Жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызға ие. Бүгінгі таңның талаптарына сәйкес осы міндеттерді жаңаша тұрғыдан шешу қажеттігі туындап отыр.
Сол себепті «саналы тәртіпке тәрбиелеу» түсінігі қазіргі жағдайға сай сапалық жаңа үндестікке ие болуда,яғни әрбір шәкірт адамдық асыл қасиеттерді бағдарлай да бағалай білуі,ізгілік күшіне,қоғамға деген өзіндік көзқарасы және өзінің жеке жауапкершілігі туралы түсінігі мол болуы тиіс. Осылайша саналы тәртіп ұғымы жеке адамның өзіндік қасиеті ретінде айқындалып отыр.
Жастарды саналыққа тәрбиелеу барысында гуманитарлық пәндердің мүмкіндіктері мол.Себебі ұрпақ тәрбиесі жайлы қай халықтың болсын ақын-ғұламалары ертеден –ақ ой толғап,сыр шерткен,өз білгенін ортаға салған.Өз халқының жоғын жоқтап,ертеңін көп ойлаған кемеңгер де данышпан ақын-ұлы Абай.Ақын шығармалары жастарды саналы тәртіпке тәрбиелеудің жарқын көрінісі іспетті.
Мен жазбайын өлеңді ермек үшін,
Жоқ-барды,ертегіні термек үшін.
Көкірегі сезімді,тілі орамды
Жаздым үлгі жастарға бермек үшін.
Ақын атану,өлең жазу-« ермек» немесе «ертегіне термек» еместігін, көркем ойлы,өткір тілді санасында сезімінің жарық сәулесі бар жастарға үлгі ретінде ұсынып отырғанын көреміз. Өкіншітісі- ақындықты ермек деп жеңіл түсінетіндер тек жастар емес,соның ішінде орта жастағылар арасында да кездеседі.
Саналы тәртіпке тәрбиелеуде мұғалімдердің мадақтау мен жазалау,ұялту,көпшілік алдында айыбын бетіне басу шараларын шеберлікпен пайдалануы да табысқа жеткізеді.
Саналы тәптіпке жетудің маңызды шарттарының бірі – оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып тәрбие үдерісінің сабақтастығын сақтау.
Оқушыларды тәртіпке тәрбиелеуде сынып жетекшісі түсіндіру жұмысының мақсаты-мінез-құлық нормалары мен ережелері туралы білімді жыл сайын жинақтау,саналы тәртіптің, адамгершіліктің мәнін ашып көрсету және осының негізінде өзінің мінез-құлық жауапкершілігін, қоғамдық тәртіпті бұзушыларға төзбеушілікті қалыптастыру.Мұндай түсіндіру жұмысты сынып сағаттарында , жиналыстарында, тақырыптық кештерде, оқырмандық конференцияда жүргізуге болады.
Шәкәрімнің «Адам атаулыны бір бауырдай қылып екі өмірді ( бұл дүние мен о дүниеде) жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол-осы мұсылман жолы» деген тұжырымы әрбір жүрекке жол тапқанда ғана адамдардың көкірегінде имандылық орнығып, бір сәттік нәпсі үшін ештеңеден тайынбайтын қатыгездіктен тыйылмақ.
Басты мақсат жастарға рухани байлығымызды беру жолында ғасырлардан келе жатқан дәстүрлерімізді шұрайлы тілмен жеткізе білуде екендігін ескеруіміз керек.Әдетте жоғары мектеп оқушылары кейбір студенттердің немқұрайлығын, көпшілік жерде өзін ұстай білмейтіндігін көргенде қиналып-ақ қалатындығы сөзсіз.Тіпті сәлем беріп,сәлем алудың өзі әдепке, көргенділікке, білім парасатқа байланысты.
Қазақ «Баланың бас ұстазы- ата-ана», «Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей отбасында әдемі таны,түсінік қалай қалыптасса, адамнаң бойында қалатын- сол қасиет.
«Болса тәртіп бала өседі сомдалып, қатаң ұста бос жүрмесін сандалып» деп Жүсіп Баласағұн айтқандай тіл шыға бастасымен-ақ баланы шектен тыс шолжаңдатпай, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп баулыған дұрыс.
Халықтық тәрбиенің өзекті бір саласы-жас ұрпақты имандылыққа, қайрымдылыққа тәрбиелеу.
Мәселен,жасы үлкенге иіліп сәлем беру, алдын кесіп өтпеу, алдынан барып есік ашу, үйге бұрын кірмеу, дастарханға бұрын қол созбау, үлкеннің сөзін бөлмеу,сөз жарыстырмау және мүгедек, кәрі жандарға қамқор болу жастарымыз үшін бұлжымас заң болатын.
Қарияның «Өркенің өссін,қарағым, үлкен азамат бол» деген бата сөзі жас бала үшін үлкен мәртебе болған.
Абай өзінің он бесінші қарасөзінде ақылды кісі, ақылсыз кісі туралы жобалар айтылған. Олардың бір-бірінен қалай ажырату керек. Абайдың айтуынша: «Әуелі пенде адам болып жаратылған соң, дүниеде ешбір нәрсені іздеген кезі өмірінің ең қызықты уақыты болып ойында қалады. Есті адам өмірінің әр күнін босқа жібермей, тиянақты іс атқарып, қызықты нәрселерді өз ғұмырының қызығына айналдырып, өткен өмірінде өкініш болмайды. Есер адам болса , баянсыз істер атқарып, қызықты нәрселерді құнсыздандырып, өмірін босқа өткізіп, өкінумен болады».
Отыз бірінші қарасөзінде ақын әрбір естіген нәрсені ұмытпау үшін төрт түрлі себепті айтады: «Әуелі- көкірегі байлаулы берік болмақ керек, екінші- сол нәрсені естігенде я көргенде ұғу керек,үшінші- сол нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек, төртінші- ой кеселді нәрселерден қашық болу керек».
Баласағұнның «Құтадғу білік» еңбегі –түркі халықтарының тұрмыс – тіршілігі хақында жазылған ескерткіштердің бірі. Мұнда дамға білім атаулының тіршіліктегі мәні, бақыт туралы, іс- әрекеттің дұрыс –бұрысы, тілден келетін пайда мен зиян, ел билеуші әкімдерге аса қажет асыл қасиеттер, әр түрлі тайпалардың тілін таба білу, тағы басқа ой толғамдар, бала мен ата-ананың қарым-қатынасын жан-жақты сө қылған.
Адамгершілік тәрбиесіндегі ең басты буын адамгершіліктің асы қасиеттеріне баулу болып табылады.Ертеңгі күнге абыройлы бару үшін де табалдырықты әдептен аттамай төрге озу жоқ. Сондықтан жан қазынасы- білім, ой, рухани байлықпен қосылып барып адамды адамгершілігі бар азамат етіп танытар болар.
Осы орйда жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Адам болу үшін адам шартты түрде әдепті болу керек» деген сөзі көкейгем оралды.
Сол үшін де қоғамның әрбір азаматы өзін-өзі көпшілік алдында жақсы, ұнамды жағынан көрсете білуге ұмтылып,оны жақсылыққа, әдептілікке, адамгершілік асыл қасиеттеріне баулу екенін білсе- ісіміздің жемісті болғаны, болашағымызға өнімді болғанымыз. Себебі- адам әдебімен көрнекті.
Оқушыларға білім беруісін адамгершілік-әстетикалық тәрбиемен ұштастыра білу өте күрделі де жауапты мәселе. Ол мұғалімнен педагогикалық шеберлікті ғана емес, біліктілікті, білімділікті де талап етеді.
Біз әдебиет тарихына үңілсек, көркем әдебиет әр уақытта тәрбиенің құралы болып келген екен. Ендеше, бұл пәнді оқытуда тәрбие мәселесін одан бөліп қарауға әсте болмайды.
Қазақ халқына тән өнегелі дәстүрдің бірі-қыз ұзатып, келін түсіру. Бұл дәстүрді өзгелермен бірге қазақ халқы да думандатып,өлең айтып, жыр жырлап өткізетіні белгілі. Сол айтылған өлеңдердің, қайсысына қарасаңыз да халықтың өз ұрпағын адамгершілікке, ізеттілікке, кішіпейілділікке баулуды мақсат еткені көрініп тұрады.
Мысалы, ұзатылған қыз өз елімен, туған-туысқандарымен қоштасу рәсімі ретінде сыңсу айтқан. Ал, үлкендер жағы оған ақыл-кеңес беріп жұбатқан.
Сондай жұбату өлеңдердің бірінде:
Құрбы келсе, күлгейсің,
Әдеппенен жүргейсің.
Салмақпенен сөз сөйлеп
Жақсы жауап бергейсің,-деп қыздың келін болып баратын жерінде сыпайы, әдепті, еңбекқор, көргенді, елінің сағын сындырмауы, үлкенге құрмет, кішіге ізет жаны таза жар болуы жөнінде ақыл-кеңес береді.
Сондай қазақ салтының бірі- шілдехана жасау. Жаңа туған нәрестеге жасалатын той. Бұл тойда да өлең-жырлар айтылып, үлкен қуанышқа кенеледі. Сондай өлеңнің бірі- бесік жыры.
Ондағы:
Құрығыңды майрып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?-деген жолдардан ананың баланы балаға деген махаббатын, баланы еңбексүйгіштікке, батырлыққа , еліне қадірлі, өнегелі де өнерлі азамат етіп тәрбиелеу арманын көруге болады.
Адамгершілікке тәрбиелеуде «Ертегілер» тақырыбының алатын орны ерекше дер едік. Ертегілердің оқыту барысында оларды өзара салыстырып, салғастырып, кейіпкерлерінің өзіндік ерекшелігін, олардың бойындағы адамгершілік, ізгілік қасиеттерін оқушыларға аңғартып отыру өте пайдалы. Сондай –ақ ертегінің соңын оқушылардың өз қиялдарымен аяқтауына мүмкіндік жасап отыру қажет, ондағы көркем тіркестерді , бейнелі сөздерді пайдаланып,, ойдан ертегі құрату секілді жұмыстар арқылы олардың қиялдарын, ой-өрісін, өмірге өзіндік көзқарастарын қалыптастыруға, ұштауға болады.
« Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді, тәрбиелі болады», деп, Абай айтқандай, оқу процесі кезінде адамгершілікке тәрбиелеу мақсаты әр уақытта күні бүгінге дейін күн тәртібінен түскен емес. Сол адамгершілік тәрбиені беруде мұғалім бала жанының бағбаны болса, сол адамгершіліктің дәнін қалай сеуіп, одан қандай өнім алып келеміз?
Егер мұғалім өзін адамгершілік тәрбие беру арқылы адам қалыптастыру міндетін өз дәрежесінде атқарып келе жатса, қоғамдағы жат қылықтар қайдан шығып жатыр деген сауал туындауы мүмкін. Мысалы, оқушы мектепке келген кезінде тіл алғыш, жүрегі таза, сезімі пәк болып, өсе не жоғарғы буынға келгенде өзгеріп сала береді. Сол кезде мына бала қандай еді, қалай өзгеріп кетті, мынадай жаман әдеттерді қайдан үйреніп ала қойды, неге озбырлық жасауға бейім болып алды деген сұрақтар мазалайды. Әрине, оның себептерін жан-жақты іздеуге болады. Бала тәрбиесіне ата-анасы мен жүрген ортасына мұғалімнің де қатысы бар. Баланың қалыптасуына ықпал етіп, дамуына үлес қосатын мұғалімнің есте ұстар жағдайлары аз емес. Солардың ішінде ең негізгісі – балаға деген жүрек жылуы. Ол қашан да қажет және ешқашан артық болмайды. 
Мұғалімін тек жақсы қырынан таныған оқушы үшін оның айтқаны анық, дегені дәл болып көрінеді. Қазіргі жағдайда тәрбиенің жалпы негізі адамгершілік құндылықтар болуы керек. Адамгершілік құндылықтар үлкен мен кішінің арасындағы шынайы қарым-қатынас кезінде бала бойына дариды. Ал мұғалімнің басты мақсаты — өзіндік адамгершілік құндылықтарын оқушы бойына дарыта отырып, оның жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, әрбір баланы жеке тұлға ретінде жетілдіру үшін оның бойындағы бар құндылықтарды дамыту. Мектептегі, сабақтан тыс уақыттағы біздің ісімізді жалғастыратын жеке тұлға болып табылатын оқушыларды адамгершілікке, гуманистік жүйеге тоғыстыру. Мектеп қабырғасында жақсы тәрбиеленген, саналы білім алған шәкірт өмірде өз орнын табады. Ол үшін ең әуелі ұрпағымызды бала кезінен-ақ ұлттық тәлім-тәрбиеге, адамгершілік әдетке, рухани мәдениетке баулу керек. Сонда жас ұрпақ елі үшін елең қағар азамат, имандылық қасиеттерді жақсы білетін азамат болып қалыптасады. 
Қазір қоғам жан-жақты үйлесімді жетілген жаңа ұрпақты – жаңа адамды тәрбиелеуді талап етеді. Қоғам талабы – заман талабы. Өйткені «Әр адам — өз заманының баласы». Сол себепті адамды заман билейді, заманына сай заңы туындайды. 
Оқушының жасын, жеке ерекшелігін, психикалық процестерін ескере отырып, жетілген ұрпақ тәрбиелеу үшін мынадай міндеттерді орындауымыз керек:
Еңбексүйгіштікке, еңбекті қажетсінуге баулы, күнделікті өмірін мәнді ұйымдастыру, тұрмыстағы, үй шаруашылығындағы еңбекке құлшынысын арттыру. Өзіне-өзі қызмет ету дағдыларына үйрету.
Отбасы мүшелерімен өзара дұрыс қарым-қатынасын, тіл табысып, түсінісуін, бірін-бірі тыңдап, ата-ананы, туыстарын, жасы үлкендерді сыйлап, құрмет тұтуға үйрету.
Бала тәрбиесіндегі негізгі де маңызды роль ата-аналарда. Ата-ана отбасында өздерінің күнделікті жұмысы, тындырБған ісі туралы бала-шағасының алдында айтып, әңгіме-дүкен құрады. Бірте-бірте балалары да өз жаңалықтарын ортаға салып, айта бастайды. Осылайша жанұя мүшелерімен сенімі, сүйіспеншілігі, достық қатынастары нығая түседі. «Жанұяға қарап бала өседі, қарағайға қарап тал өседі» деп тегін айтылмаған болса керек. Ата-ана баламен тілдесуде, пікірлесуде бейпіл, бейауыз сөздерді қолданбай, дөрекілікпен жеке басын қорғамай, мейірімді, табиғи, жылы, ақылды сөздерайтып өнеге бола білсе, тәрбиеде табысқа жетеді. Өйткені «Жақсы сөз жан семіртеді». Кейбір ата-аналар өте қатал, айтқанын орындатады. Мұндайда бала қорыққанынан уақытша тыңдайды. Бірақ ата-анасының уысынан шыққаннан соң, өзін-өзі ұстай алмайтын жағдайға жетуі мүмкін. Сондықтан мұғалім ата-ана ескермеген тәрбиенің тиімді сәттерін пайдалану қажет. Мұғалім оқушыға материалдық жағдай жасамағанмен, оның өміріне азық болар ең қымбат асыл қасиеттер – адамгершілік құндылықтармен қамтамасыз етеді. Әрбір оқушының жеке басын тәрбиелеудің стратегиясын білу үшін тек оның күшті және әлсіз жақтарын біліп қоймай, сонымен қатар оның оқитын, тұратын, қарым-қатынас жасайтын жағдайларын білуіміз керек. Ол үшін олардың ата-аналарымен тығыз байланыста болу қажет. Адамгершілік қасиеттерді бойына сіңіріп жетілген тұлғаның бойындағы әдептілік сипаттар мынадай болуы тиіс: 
Өзгелердің мүддесін өз мүддесінен жоғары қойып, кеңпейіл болу, тәкаппарлыққа жол бермеу.
Достарының, отбасының сенімін ақтау.
Жанашырлық таныту — өзгелердің мұң-мұқтажыдығына ортақтаса білу, оларға көмек көрсету. 
Кешірімді болу – ренішке, өшпенділікке жол бермеу, ол үшін кек алудан аулақ болу. 
Рақымды, мейірімді болу, адамның көңіл-күйін алдын-ала сезе білу. 
Жауапкершілік таныту – адал болу, жалғандық пен алдап-арбаудан аулақ болу. 
Өзін-өзі бір қалыпта ұстай білу — өз ойын, сезімін, тілегін, іс-қылықтарын ұстай білу. 
Ұқыптылық – қандай іс атқарса да ұқыптылық таныту, еңбек ете білу. 
Қорыта келгенде, халықтық педагогикадан бастау алып, осы дәлелденген нәтижелерге сүйенсек, тәрбие құралдары мен әдістері дұрыс таңдалып жүргізілсе, ізгілікті тәрбиенің негізі қаланбақ. Сондықтан тәрбиеленуші жас ұрпақ ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып, қоғамдағы кемшілікті білетін, бүгінгіні түсінетін, ертеңіне сенетін, адамгершілік асыл қасиеттерді жоғары бағалайтын иманды, алдына қойған мақсат жолында барлық күштерін жұмсайтын, рухани дүниесі бай болуы шарт.

Понравилась публикация? Поделиться прямо сейчас:
Для всех тех, кто учит детей