Архимед заңы. кері итеруші күш

Содержимое материала:

Тексерілді: Оқу – ісінің орынбасары: Г.К.Оразова

Көкшетау қаласы, ДБАОММИ №3

Күні: 5.02.2019 ж.

Мұғалім: Акпанова Сания Есенқызы

Сынып: 7 Д, Е

Оқушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Кері итеруші күш

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.12 – сұйықтар мен газдардағы кері итеруші күштің табиғатын түсіндіру;

7.3.1.13 – есептер шығаруда Архимед заңын қолдану.

Сабақ мақсаттары

Fы ығыстырушы күш ығыстырылған су салмағына тең екендігін анықтау; Fы ығыстырушы күштің дене көлеміне байланысты екенін тексеру; Fы ығыстырушы күштің ρс сұйық тығыздығына байланысты екенін тексеру;

Жетістік критерийлері

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

-қатты, сұйық, газдардың құрылысын ажырата алады;

-қысым ұғымын түсінеді;

-Кері итеруші күш ұғымын түсінеді;

-Архимед заңын түсінеді

Кейбір оқушылар: Архимед заңын түсіне отырып есептер шығара алады

Тілдік мақсаттар

Архимед заңы –закон Архимеда-Archimedes principle

Судың тығыздығы – плотность воды — density of water

Кері итеруші күш – Выталкивающая сила — buoyant force

Дененің көлемі – Объем тела — volume of the body

Құндылықтарды дарыту

Ынтымақтастық

Құрмет

Функционалды сауаттылық

Оқушыларды оқу үдерісінде бақылау жүргізуге, топтастыруға, құбылыстарды бір-бірімен байланыстыруға, бір бірінің ойын тыңдауға және оларға түсінік беруге үйрету арқылы олардың бір біріне деген құрметтері мен ынтымақтастығы артады. Есептер шығару барысында функционалды сауаттылықтары қалыптасады. Ойды, пәндік білім мен дағдыларды құру мен дамытуға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік және жеке бастың маңызды тапсырмалары контексінде ғылыми мәселелерді ойлауға қабілетті ақпараттандырылған және сындарлы ойлай білетін азаматтар тәрбиеленеді.

Пәнаралық байланыстар

Физикалық құрал-жабдықтармен жұмыс жасау арқылы география пәнімен тығыз байланыстырылады. Техникамен күнделікті тұрмыстан мысалдар келтіру арқылы байланысады. Электронды кітап арқылы немесе интернет желісі арқылы интерактивті тақтадан мини-видеолар тамашалау барысында информатика пәнімен байланысады. Тақырыпқа байланысты есептер шығару және өлшем бірліктерді ХБЖ-не келтіру арқылы математика пәнімен тығыз байланысады.

АКТ қолдану дағдылары

Оқушылар АКТ қолдану дағдыларын дамытады.

Бастапқы білім

Қысым, Паскаль заңы, күш, тығыздық

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жопарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі:

Физика — табиғаттың тілі екен ғой,

Көз тартар табиғаттың сыры екен ғой.

Салған ән, айтылған сөз, ішілген ас,

Бәрінің бағынары физика ғой.

Ұққанға табиғаттың сыры терең,

Дегенге оқып, зерттеп, көрем, білем,

Демесең болсын егер еңбегім еш,

Әуелі физиканы оқы дер ем.

І Үй жұмысын тексеру, өткен тақырыпқа қорытынды жасау.

Миға шабуыл

  1. Гидростатикалық қысым дегеніміз не?

  2. Сұйықтың ыдыстың табына түсірген қысымы қандай шамаларға тәуелді?

  3. Гидростатикалық қысымының формуласы

  4. Ойланыңдар, өткенді еске алыңдар,

Бұл құбылыс айналадан табылар.

Сұйықтар мен газдардағы қысымды,

Кім айтады түсіндірген ғалымды?

Жаңа сабақ:

Тәжірибе:

Допты суға батырып, қолды қоя бергеннен кейін, доп қайтадан су бетіне шығады.

Мұғалім: доп неге су бетіне ытқып шығады?

Жауап: өйткені допқа күш әсер етті.

Мұғалім: жауап дұрыс, допты судан ығыстырып шығатын күш әсер етті. Бұл күшті біз ығыстырушы күш деп атаймыз.

Мұғалім: сол ыдысқа цилиндрді салайық. Дене батып кетті. Бұл жағдайда ығыстырушы күш әсер ете ме?

Жауап: оқушылар әр қилы жауап беруі мүмкін.

Мұғалім: цилиндрге ығыстырушы күш әсер ете ме екенін тексеру үшін, цилиндрді динакмометрге іліп, динамометрдің көрсеткішін жазып аламыз. Содан кейін цилиндрді сол тұрған күйінде суға батырамыз да, динамометрдің кқрсетуін жазып аламыз. Екі жағдайдағы динамометр көрсеткішін салыстырамыз. Тәжірибе жасалады. Не байқадыңдар:

Жауап: Цилиндрді суға салғанда динамометрдің көрсетуі кемиді.

Мұғалім: бұдан қандай қорытынды жасауға болады?

Жауап: Су салынған кез келген денеге ығыстырушы күш әсер етеді.

Мұғалім: бұл күш қалай қарай бағытталған?

Жауап: Сұйықтықта тұрған денеге әсер ететін ығыстырушы күш жоғары қарай бағытталған.

Видеоролик: «Судағы кері итеруші күш»

Сұйыққа батырылған денеге әрекет ететін бұл ығыстырушы күштің шамасы дене мен сұйықтың қандай сипаттамаларына байланысты болатынын қарастырайық. Бұл күштің мәнін тұңғыш рет ертедегі грек ғалымы Архимед (б.з.б.287-212) есептеп шығарған. Архимедке дейін де адамдар ығыстырушы күштің бар екенін білгені анық. Суда кемелер, қайықтар, салдар жүзген,ығыстырушы күш мүмкіндік беретіндей дәрежеде оларға жүктер тиелген. Алайда осы күштің шамасы неге тең болатынын дәл есептеп шығарған Архимед болатын. Аңызда айтылатындай, Сиракуз патшасы Гиеронның тапсырмасы бойынша оның тәжін зергер таза алтыннан жасады ма, әлде алтын мен күмістің қоспасынан жасады ма? деген сұраққа жауап таба алмай, көп күн әуреленген ғалым бір күні толтыра су құйылған ваннаға түскен кезде ойына әлгі сұрақтың шешуі келген дейді. Өзінің ашқан жаңалығына шаттана қуанған ол «Эврика!» (Таптым!) деп Сиракуз көшелерінің бойымен айғайлап жүгірген екен.

Видеоролик «Архимед және тәж»

Архимедтің ашқан жаңалығының мән-мағынасын түсіну үшін қарапайым тәжірибе жасап көрейік. Динамометр ілгегіне қандай да бір дене ілейік те, оның шкаласының көрсетуі бойынша ауырлық күшінің мәнін белгілеп алайық. Осыдан кейін денені толық суға батырайық. Динамометр көрстуі өзгергенін байқаймыз. Неліктен? Дененің массасын өзгерткеніміз жоқ. Демек бұл жағдайда денеге ауырлық күшінен басқа оны судан ығыстыратын күш әрекет етеді. Ол күш қалай пайда болады?

Сұйықтың қысымы туралы білімімізге сүене отырып, осы сұйыққа батырылған денеге қандай күштер әрекет ететінін қарастырайық. Дененің бүйір жақтарына әрекет ететін күштер тең және олар бірін –бірі тегеріп тұрады. Бұл күштердің әрекетінен тек дене сығылады. Дененің үстіңгі жағын биіктігі Һ1 су бағаны Ғ1 күшпен , ал төменгі жағын биіктігі Һ2 су бағаны Ғ2 күшпен қысады. Мұндағы Һ2 су бағанының биіктігі Һ1 биіктіктен көп, сондықтан Ғ2 күші де Ғ1 күштен көп болады. Демек, денені сұйықтан ығыстыратын күш Ғ1 жәнеҒ2 күштерінің айырмасына тең, яғни Ғы═Ғ12.

Сонымен, сұйыққа батырылған денеге осы денені сұйықтан ығыстыратын күш әрекет етеді.

Тірек-сызба:

Есеп шығару:

1. Тастың ауадағы салмағы 30 Н, тастың судағы салмағы 10 Н. Тасқа әрекет ететін кері итеруші күш неге тең?

2. Сұйыққа батырылған денеге 20 Н кері итеруші күш әсер етеді. Дененің көлемі қандай?

Бекіту сұрақтары:

1. Неге өзен суына қарағанда ,теңіз суында жүзген жеңілірек?

Жауабы: теңіз суы тұзды , тұзы неғұрлым көп болған сайын тығызырақ келеді. Архимед күші көбірек

2. Архимед заңының формуласы қандай?

3. Арқаңмен жүзгенде суда өзіңді жеңіл ұстайсың. Неге?

Жауабы: Арқаңмен жүзген жеңіл, өйткені арқаның көп бөлігі суға батады да кері итеруші күшті көбейтеді.

4. Ертедегі гректерде Архимед өте күшті адам болған деген аңыз бар. Ол судың ішінде тұрып, сол қолымен 1000 кг жүкті көтерген екен, бірақ беліне дейін ғана. Бұлай болуы мүмкін бе?

Жауабы: Мүмкін, егер жүктің көлемі үлкендеу

5. Архимед күшінің бағыты қалай бағытталады?

6. Неліктен денені суға батырған кезде динамометрдің көрсеткіші өзгереді?

Жауабы:Ауырлық күшімен қатар денені судан ығыстыратын ығыстырушы күш әрекет етеді.

Презентация

Физика 7 сынып. Л.Э.Генденштейн, А.Б. Кайдалов

Кирик есептер жинағы

http://bilimland.kz/ru/#lesson=10695

Физика және астрономия. — Алматы: Атамұра,2007.ISBN 9965-34-634-8

http://5terka.com/node/1728

http://bilimland.kz/ru/#lesson=10695

Сабақтың соңы

Үй тапсырмасы

Сабақ соңында алынған жетондар санын есептеп оқушыларды бағалау.

рефлексия: Қарастырылған мәселелерді қаншалықты ұққандығыңды өзің бағалап,төмендегі белгілерді қой:

жасыл-жақсы ұқтым

сары — кейбір сұрақтарым бар

қызыл -ұқпадым

Уй тапсырмасы: &29 жат 4.6 №8.11 Прак, ж №15 (1,2). Неге тәрелкені суға қырымен салса батады, ал түбімен салса батпайды? Түсіндірме әңгіме құрастыру

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Барлық оқушылар:

Архимед күшінің формуласын біледі

Көпшілік оқушылар:

қатты, сұйық, газдардың құрылысын ажырата алады;

-қысым ұғымын түсінеді;

-Кері итеруші күш ұғымын түсінеді;

-Архимед заңын түсінеді

Кейбір оқушылар:

Архимед күшінің формуласын пайдалана отырып есептер шығара біледі.

— «Миға шабуыл» стратегиясын пайдаланып сұрақ-жауап арқылы жетонмен бағалау;

— Өзара бағалау;

— Жек жұмысты бағалау;

Физика кабинетіндегі қауіпсіздік техника ережелерінің түсіндірме жұмыстарын жүргізу; Демонстрациялық тәжірибелер көрсету барысында приборлармен мұқият болу. Себебі, таразымен жұмыс жасау барысында кір тастарын құлатып алу қаупі бар.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

.

Ядроларды бөлу дегеніміз— ядроны нейтрондармен атқылау  арқылы ірі жарықшақтарға ажыратуды айтады.

Ядролық ыдырату ядролардың өздігінен бөлінуі. Ол табиғи процесс.

Айырмашылықтары: табиғи процессс белгілі бір заңдылыққа бағынады, ал бөліну бұл заңдылықтарға бағынбайды. Ядро бөлінгенде нәтижесінде нейтрон босап шығады. Ядро ыдырағанда нәтижесінде нейтрон босап шықпайды.

1938ж неміс ғалымдары О.Ган мен Ф.Штрассман тәжірибе жүзінде уран ядросын нейтрондармен атқылап бөлінетіндігін дәлелдеді.

Ядролар ауыр және жеңіл болып бөлінеді. Ауыр ядроларға – уран, плутоний  т.б. , жеңіл ядроларға сутегі гелий т.б. жатады.

Бөліну барысында қозған ядро ірі жарықшақтармен қатар қосымша 2 немесе 3 нейтрон шығарады. Бұл нейтрондар ядролардың бөліну реакциясын жалғастырады. Нәтижесінде тізбекті реакция пайда болады.

Тізбекті реакция дегеніміз туынды нейтрондардың қатысуымен ядролардың бөлінуі жүзеге асатын процесс, яғни ядролардың тасқынды жарылуы.

Мысалы Уран ядросын нейтронмен атқылағанда екі ірі жарықшақ (басқа екі ядро) және 2 немесе 3 нейтрон пайда болады. Пайда болған нейтрондарды туынды нейтрон деп атайды. Олар әрі қарай уран ядросмен соқтығысып тағы да екі ірі жарықшаққа және нейтрондарға ыдырайды. Сөйтіп ядролардың бөлінуі жалғасатын реакция тізбекті реакция деп аталады. Тізбекті реакция арқылы атом энергиясын өндіруге болады. Ауыр ядролардың тізбекті бөлінуі Мысалы Уран ядросын нейтронмен атқылағанда екі ірі жарықшақ (басқа екі ядро) және 2 немесе 3 нейтрон пайда болады. Пайда болған нейтрондарды туынды нейтрон деп атайды. Олар әрі қарай уран ядросмен соқтығысып тағы да екі ірі жарықшаққа және нейтрондарға ыдырайды. Сөйтіп ядролардың бөлінуі жалғасатын реакция тізбекті реакция деп аталады. Тізбекті реакция арқылы атом энергиясын өндіруге болады.

Атом энергиясын өндірудің екі жолы бар:

  • Ауыр элементтердің ядроларын бөлу арқылы

  • Жеңіл элементтердің ядроларын біріктіру арқылы

Өйткені ауыр ядродағы энергия тек оны бөлгенде ғана босайды. Ал жеңіл ядролардағы энергия тек оларды бір ядроға біріктіргенде ғана босайды.

Осы реакциялар яғни ауыр ядроны бөлу немесе жеңіл ядроны біріктіру арнайы қондырғыларда жүзеге асады. Ондай қондырғыларды ядролық (атомдық) реактор немесе атомдық бомбалар деп атайды.

Ядролық ректорда ядролық реакциялар басқарылатын жолмен іске асырылады. Ал атомдық бомбаларда басқарылмайтын жолмен іске асырылады.

Ең бірінші қолдан басқарылатын реактор 1942 жылы 2 желтоқсанда АҚШтың Чикаго қаласында Фермидің басшылығымен іске қосылды. Екінші реактор 1945 жылы КСРОда Москва түбіндегі Серпухов қаласында И.В.Курчатовтың басшылығымен салынды.

Ядролық реактордың негізгі бөлігі — белсенді аумақ. Осы белсенді аумақ мынандай бөліктерден тұрады:

Жылу шығарғыш элемент (ЖШЭ)

Тежегіштер

Жылу тасығыш

Нейтрон қайтарғыш

Басқарушы немесе апаттық таяқшалар

 Жылу шығарғыш элемент, ол ядролық отынмен толтырылған таяқшалардан тұрады.

Тежегіш, ол  яролық отын толтырылған таяқшаларды графитпен қоршап тұрады.

Жылу тасығыш , ЖШЭ айнала қоршап тұратын сұйықтар ағып өтетін түтіктер. Жылу тасығыштың қызметін су немесе сұйық металл, мысалы натрий атқарады.

Нейтрон қайтарғыш нейтрондардың сыртқы ортаға ұшып шығуын азайту үшін белсенді аумақты қоршайтын зат.

Басқарушы таяқшалар тізбекті реакцияны қопарылысқа жеткізбейтіндей, нейтрондарды жұтып алатын зат.

Сонымен ЖШЭ таяқшаларындағы ауыр элементтердің ядролары бөлінгенде пайда болатын бөлшектер үлкен кинетикалық энергияға ие болады. Ядродан босаған энергия электромагниттік энергияға айналады. Бұл бөлшектер белсенді аумақта тежегіштің әсерінен тежеліп, кинетикалық энергиясы мен сәулелік энергиясы жылу энергиясына айналады. Белсенді аумақтағы артық жылу мөлшері жылу тасымалдағыштарға беріліп, оларды буландырады. Жоғарғы қысымдағы бу электр энергиясын өндіретін бу турбиналары мен генераторға берілді. Осылайша реакторда бөлінген атом ядросының ішкі энергиясы туынды бөлшектердің кинетикалық және электромагниттік энергиясына , ал ол энергия жылу энергиясына, жылу энергиясы электр энергиясына айналады.

Понравилась публикация? Поделиться прямо сейчас:
Для всех тех, кто учит детей