«Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері. Трапецияның орта сызығы»

Содержимое материала:

Қысқа мерзімді жоспар

8.1A Көпбұрыштар. Төртбұрыштарды зерттеу

Мектеп: №45 ЖОББМ

Күні: 01.10.2019

Мұғалімнің аты-жөні:

Джангереева Г.Т

Сынып: 8 А

Қатысқандар саны:

Қатыспаған

дар саны

Сабақтың тақырыбы

Трапеция. Трапецияның түрлері мен қасиеттері. Трапецияның орта сызығы.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.1.1.11

трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін білу;

Сабақ мақсаттары

Оқушылар

  • трапецияның анықтамасын, түрлерін және қасиеттерін біледі;

  • есептерді шешуде теңқабырғалы трапецияның қасиеттерін қолданады.

Бағалау критерийлері

  1. Оқушылар трапецияның элементтерін анықтайды, атайды

  2. Трапецияның түрлерін ажыратады.

  3. Теңқабырғалы трапецияның қасиеттерін есептерді шешуде қолданады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Трапецияның элементтерін атай алады.

Трапецияның түрлерін ажыра алады

Трапецияның қасиеттерін қолдана алады

Ауызша және жазбаша сұрақтарды тұжырымдай алады.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Трапецияның табаны, трапецияның қабырғалары, трапецияның диагоналдары, трапецияның бұрыштары, табанындағы бұрыштар, трапецияның қарама қарсы қабырғалары, теңқабырғалы трапеция, тікбұрышты трапеция

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Егер төртбұрыштың екі қабырғасы паралель, ал екі қабырғасы паралель болмаса, онда…

Егер трапецияныі табанындағы бұрыштар тең болса, онда …

Пәнаралық байланыстар

Үйлердің шатырларын салуда құрылыспен байланыс.

Түрлі ғимараттарды жобалау кезінде сәулетпен байланыс.

Бастапқы білім

Оқушылар параллель түзулермен таныс. Оқушылар сәйкес, айқыш, тұстас бұрыштарды анықтап, таба алады.

Оқушылар төртбұрыштың түрлерін ажырата білуі керек.

Оқушылар төртбұрыштарды салады, салыстырады және қасиеттерін атайды.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған

іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

0-3 мин

Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен амандасу, сыныпты түгелдеу, зейіндерін сабаққа аудару.

«Серпілген сауал» әдісі арқылы өткен тақырыпты еске түсіру

  1. Үшбұрыштың орта сызығы дегеніміз не?

  2. Үшбұрыштың орта сызығы туралы теореманы тұжырымдаңдар…

Сабақтың ортасы

Жаңа тақырыпты меңгерту

Анықтама: Екі қабырғасы параллель, басқа екі қабырғасы параллель емес төртбұрыш трапеция деп атаймыз. Трапецияның параллель қабырғалары оның табандары , ал параллель емес қабырғалары бүйір қабырғалары деп аталады.

Бір бұрышы тік болған трапеция, тікбұрышты трапеция деп аталады.

Екі бүйір қабырғасы тең трапеция, тең бүйірлі трапеция деп аталады.

Теоремалар:

1.Теңбүйірлі трапецияның табанындағы бұрыштары тең

2.Теңбүйірлі трапецияның диагоналдары тең

Трапецияның бүйір қабырғаларының орталарын қосатын кесінді трапецияның орта сызығы деп аталады. Трапецияның орта сызығы табанына параллель және

«Миға шабуыл» әдісі арқылы топтық жұмыс

Шеберханадағы шеберге металл сымнан тор жасауға тапсырыс берді. Шебер өз эскизінде бірнеше шамаларды белгіледі (суреттегідей). Тапсырысты орындау үшін неше метр сым қажет болатынын есептеңіз.

Берілгені: АН //ВG//CF//DE DE=40м, CF=50м, CD=8м, EF=10м

Шешуі:

DEGB трапециясын қарастырайық, онда СF-орта сызық болады BG= 100-40=60м, AH=120-50=70м, Фалес теоремасы бойынша CD=CB=BA=8, EF=FG=GH=10м , Демек шеберге тапсырманы орындау үшін 164 м металл сым қажет болады

Дескриптор:

-трапецияның орта сызығының анықтамасын біледі;

-трапецияның орта сызығының анықтамасын қолданады.

ҚБ: «Екі жұлдыз,бір тілек»

Жұптық жұмыс

Тапсырма 1.Трапеция қарама қарсы жатқан бұрыштарының айырмасы 400-ке тең болса, табан бұрыштарын табыңыз

Жауабы: 700, 1100.

Тапсырма 2. Трапецияның орта сызығы 16 см және оның табандары 3:5 қатынасындай. Трапецияның табандарын табыңдар

Бағалау критерийлері:

трапецияның түрлерін біледі

— суретті дұрыс салады ;

— трапеция қасиеттерін есептерді шешуге дұрыс қолданады.

ҚБ: «Көршіңді бағала»

Оқулықпен жұмыс №2;3

Сабақтың соңы

Рефлексия

Мұғалім оқушылардың жетістік деңгейін талқылау арқылы сабақтың мақсатына қайта оралады.

Нені есте сақтадың?

Нені өзіңе түйдің?

Не түсініксіз болды?

Понравилась публикация? Поделиться прямо сейчас:
Для всех тех, кто учит детей