Д?ст?рлі ?н айту ?нері

Содержимое материала:

Түйіндеме

Аты-жөні: Чорғанова Күләш Нұрсапақызы

Туған жылы: 1959 ж 20.08.

Жұмыс орны: Надек орта мектебі

Педагогикалық еңбек өтілі: 29 жыл

Санаты: жоғары

Білімі: жоғары ТКПИ 1982 жыл

Лауазымы: музыка, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі

Надек орта мектебі

Чорғанова К.Н.

Тақырыбы: Қазақтың дәстүрлі ән айту өнері

Мақсаты : а) пән бойынша білім дағдыларын қалыптастыру, әнарқылы бойларына сіңірген шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып, пәннің қыр-сырн үйрету.

ә) Халқмыздң музка өнеріне оқушлардың сүйіспеншілігін оята отырып, әсемдікке, сұлулыққа деген сезімдерін дамыту. Халық өнерін дамтушы өнер қайраткерлері, елін, жерін сүйетін патриот тәрбиелеу.

б) Әнші, комрозитор, орындаушы, музыка зерттеуші ғалымдар өмірлерімен таныстыра отырып, ой-өрістерін дамыту.

Түрі: баяндау, түсіндіру.

Әдісі: Дәстүрлі емес,топпен жұмыс

Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, тарих, еңбекке балу.

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгендеп, сыныпты ұйымдастыр.

Өткен сабақты сұрау, пысықтау:

1.Түрік халқының аспабын ата?

2.Татар мзыкасы тралы не білесің?

3.Башқұрт халқының музыкалық құрылымы қандай?

4. Монғол аспаптарын ата?

5. Қытай музыкасы туралы не білесің?

6. үнді мзыкасына тоқталып кетсең?

Жаңа сабақ түсіндіру:

Кіріспе: (ұстаз сөзі) Қазақтң ән айту өнері бүгінде бірыңғай стандартты,трафареттік нұсқалар шеңберінде қалып қоймай, дәстүрлі үлгілер түрінде жалғасын тауып, әрі қарай дами түсті. Ән өнерінің ірі тұлғалары-Біржан сал, Ақан сері, Абайдың көптеген тамаша әндері бізгн белгілі.

Бүгінгі сабақта балалар блок схемасы,яғни слайд-шоу типтес сабақты өздері айтып түсіндіреді.

  • ХХ ғасырдың ән өнеріне үлес қосқан әнші композиторлар

(Кім таныстырады) Болған соң бір әннен үзінді тыңдау Абайдың бір әнін айт. (Майраның әні « Майраны орындап беремін)

-Дәстүрлі әншілік өнерірің мектептерге бөлінуімен кім таныстырғысы келеді? Осының ішінде «сыр бойы термешілік мектебінің» орнын ерекше атапөтіп бір термеден үзінді орындап беремін.

Орындашылармен кім таныстырғысы келеді.

Соның ішінде Жетісу өңірінің әншілік мектебінің өкілі, жерлесіміз Дәнеш Рақышевтың өмір жолдарына тоқталып, Бір әнін орындап беремін.

-Ән-күйлерді жинақтап нотаға түсірушілермен кім танстырады. Соның ішінде музыка зерттешісі, қазақ музыкасына зор үлес қосқан А.В. Затаевич өміріне тоқталамыз. Қазақтың 500 әні, 1000 ән мен күйін нотаға түсірген.

Сабақты қорыту: 1.Дәстүрлі әншілік мектеп нешеге бөлінеді? (5)

2.ХІХ ғасырдың әнші композиторларын ата?

3.Зерттеші ғалымдарды ата?

4.Абайдың бір әнін орындап бер?

Үйге тапсырма: Тақырыпты оқу. А.В Затаевич нотаға түсірген 10 ән-күйді тізімдеп кел.

Слайд-шоу.

1.ХХ ғасырдағы дәстүрлі ән өнеріне үлес қосқан әнші-композиторлар:

Біржан, Мұхит, Ақан сері , Жая мұса, Абай, Әсет, Үкілі Ыбырай,Естай, Ғазиз, Жарылғапберді, Шәкәрім, Мәди, Нартай, Майра.

2.Дәстүрлі әншілік өнерінің мектептерг бөлінуі:

  1. Қазақстанның орталқ және солтүстік өңіріне тәе әншілік мектебі.

  2. Оңтүстік және Жетісу өңіріндегі әншілік мектебі.

  3. Шығыс өңіріндегі әншілік мектеп.

  4. Сыр бойндағы әншілік- термешілік мектеп.

  5. Батыс өңіріндегі әншілік мектеп.

3.Орындаушылар:

Манарбек Ержанов, Күләш Байсейітова, Құрманбек Жандарбеков, Кенен Әзірбаев, Қосымжан Бабақов, Қали Байжанов, Бисмилла Балабеков, Әміре Қашаубаев, Ғарифолла Құрманғалиев, Иса Байзақов, Жүсіпбек Елебеков, Әли Құрманов, Дәнеш Рақышев, Жаңыл Қартабаева. Қуан Лекеров,Темірболат Арғынбаев, Ғаббас Айтбаев.

4.Жинап нотаға түсірушілер:

А.В Затаевич, Б. Ерзакович, А.Қ. Жұбанов, А.Темірбекова, Т.Бекхожина С. Күзембаева.

Понравилась публикация? Поделиться прямо сейчас:
Для всех тех, кто учит детей