Теміржол бекетінде

Содержимое материала:

Күнтізбелік-тақырыптың жоспардың

сабақ жоспары

№_______

Топ атауы

Өткізілген күні

Сабақтың тақырыбы: Теміржол бекетінде

Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: студенттерге темір жол бекеті, анықтамалық ақпараттар, қызмет көрсету, кассада, жүк қоймасында туралы әңгімелеу,тақырыптың негізгі идеясын ашу, тақырыпқа байланысты сөйлесу дағдыларын дамыту.

ә) дамытушылық: арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту;

ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге жұмылдыру; мәтінді қазақ тілінде әңгімелеуге, ауызекі сөйлеуге дағдыландыру, ой-өрісін кеңейту.

б) тәрбиелік: қазақтың нақыл сөздерін құрметтеуге, байлығын қорғауға болашақта елімізді өркендетуге қабілетті, білімді жас ұрпақтар тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың түрі: жаңа сабақ

ІҮ. Сабақтың әдісі: тапсырмалар, сұрақ-жауап

Ү. Сабақтың көрнекілігі: суреттер, слайд

ҮІ. Пәнаралық байланыс: орыс тілі, тарих, әдебиет

ҮІІ. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

ІІ. Үй жұмысын сұрау

6-бет 6-тапсырма (авт С.Дюсебаев.,Г.Байтилеуова)

ІІІ. Жаңа сабақ

Сабақтың тақырыбы, мақсаты, барысымен таныстыру.

1-қадам Теміржол бекетінде

Теміржол бекетінде болып көрдіңіз бе? Қанша рет пойызға міндіңіз? Сіз таңғалатын шығарсыз, бірақ мен пойыз дөңгелегінің гүрсілін жақсы көремін. Оның себебі жастық шағымда жатыр ма деп ойлаймын.

Мектепті бітірісімен оқуға түсіп кеттім. Алматыдай әсем қалада оқу бәрінің арманы болатын. Ал менің арманым орындалып, студенттік өмірім осы қалада өтіп жатты. Бірақ өзім шалғай жерден келгендіктен, демалыс болса ауылға кеткім келіп тұратын. Себебі ол жақта анам сағынып, мені күтіп жүретін. Анама тезірек жету үшін пойызға отыру керек. Пойыз маған онша ұнамайтын. Вагондар лық толы адамдар. У-шу, бөтен адамдамен бірге жол тартасың. Мен ол кезде ұялшақ болдым. Қасымдағы адамдармен араласып кету қиын болатын. Қорқатынмын, анам ылғи:»жолда абайла, жалғыз тамбурға шықпа, заттарыңды ұрлатып алма» деп ескертуден шаршамайтын еді. Ол кісінің айтқаны жадымда тұрады. Қасымдағыларға сенімсіздікпен қарайтынмын. Тезірек ұйықтап қалуға тырысатынмын. Екінші сөреден орын болса, қуанамын. Төменгі сөреге жатсаң, жолаушылар келіп отыра береді, мазаңды алады. Өз орныма орналасқаннан кейін біраз кітап оқимын да, сосын дөңгелектердің бір ырғағындағы гүрсілін тыңдаймын. «Тықыдық-тықыдық» бір гипноз сияқты, «міне, аз қалды, міне , аз қалды» деп сендіретін сияқты. Соны тыңдап жатып ұйықтап қалатынмын….

пойыз дөңгелектерінің гүрсілі – стук колес поезда

жастық шағымда- в юности

шалғай жерден — издалека

лық толы — битком набиты

жол тарту- ехать

ескерту- предупреждать

жадымда тұрады- хранила в памяти

ұйықтап қаламын- засыпаю

1-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңдер.

— Сенің ата-анаң қайда тұрады?

— Ата-анаң пойызбен туыстарына қай жаққа барады?

— Олар жолда қиналдық деп айта ма?

— Соңғы рет пойызға қашан міндің? Ұнады ма?

— Көліктің қай түрін ұнатасың? Жалпы саяхаттағанда қай көлік түрі дұрыс деп ойлайсың?

2-тапсырма. Төл сөздерді төлеу сөзге мына үлгі бойынша ауыстырып жазыңдар.

Үлгі: барып+кел+ген+ін+айту.

Болат Айнашқа: «Мен Ресейге, Тула қаласына барып келдім », -деді.

Болат Айнашқа Ресей, Тула қаласына барып келгенін айтты.

1. Мұғалім оқушыларға: «Жексенбіде мұражайға барамыз»,-деді.

2. Құрбым маған: «Келесі жылы Чехияға оқуға кетемін»,-деді.

3. Менің ағам: «Осы қыста Швейцарияға барып демаламын», — деді.

4. Сыныптастарым: «Демалыста табиғатқа шығып демалайық», -деп жатыр.

5. Жетекшіміз: «Ертең фестивальға дайындықты бастаймыз»,-деп хабарлады.

3-тапсырма. Сұхбатты оқыңдар.Мазмұнын өз аттарыңнан, төлеу сөйлем моделін айтып беріңдер.

— Билет алдың ба?

— Ғаламтордан үш билетке тапсырыс беріп қойдым.

— Тағы кім барады?

— Менің көршім, жақсы жігіт, ол да жиі саяхатқа шығады.

— Ата-анасы рұқсат беріп пе?

— Әрине оның ұстіне ол бізден екі жас үлкен. Көп нәрсе біледі. Бізге жақсы серік болады.

— Оның да дұрыс. Қашан, немен жүреміз?

— Келесі аптада, сәрсенбіде. Пойызбен барамыз, жолшыбай қанша жер көреміз.

— Пойызбен ұзақ емес пе?

— Көршім «пойызбен жүрейік, жолда қызық көп»,-деді.

— Ұзақ болатын сияқты. Жолға қаншама уақытымыз кетеді ғой.

— Көп болса бір күн әрі , бір күн бері. Ұшақ қымбат қой.

4-тапсырма. Достарыңмен экскурсияға баратын болдың. Саған ұажетті ақпаратты біліп, содан кейін хабарлас деді. Сен біліп, енді достарыңа e-mail жаз.

— экскурсияға қайда барасыңдар? (қай қалаға)

— қашан болады (қай күні, сағат нешеде, қанша уақыт)

— немен барасыңдар;

— өзімен не алу керек;

— қашан, қай жерде кездесетіндерің туралы жаз.

ІІІ. Қорытындылау

ІҮ. Үйге тапсырма

28-бет 5-тапсырма (авт С.Дюсебаев.,Г.Байтилеуова)

Ү. Бағалау

Понравилась публикация? Поделиться прямо сейчас:
Для всех тех, кто учит детей