?дебиеттен саба? жоспары

Содержимое материала:

Бекпенбетова Алия Муратбаевна

Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Теміртау қаласы №8 жалпы білім беретін орта мектебі

Пәні: қазақ әдебиеті

Сынып: 7

Сабақтың тақырыбы: М.Жұмабаев «Сүйемін»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: М.Жұмабаевтың өмірі мен шығармашылығы жөнінде білімдерін кеңейте отырып, ақын өмірі мен «Сүйемін» өлеңінің байланысын ашу; Дамытушылық: Мағжан туралы деректерді кеңірек түсініп, ұғынуға дағдыландыру, өлеңді жан-жақты талдау арқылы мағынасының тереңдігін түсіну;

Тәрбиелік: Отанды сүюге, ата-ананы, жақындарыңды құрметтеуге, бауырмалдыққа, адамгершілікке баулу

Сабақтың түрі: дамыта оқыту

Сабақтың әдісі: СТО стратегиялары, Сатылай кешенді талдау, іздену т.б

Сабақтың көрнекілігі: шығармалар жинағы, кітаптары, портреті, слайд, т.б

Пәнаралық байланыс: тарих, музыка, өзін-өзі тану.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу,түгелдеу, оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына көңіл бөлу. Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Топпен жұмыс. Оқушылар 4 топқа бөлінеді.Топтың басшысы тағайындалады.Топ мақсаты мен міндеті, ережесі таныстырылады.

Топта жұмыс істеу ережесі:

1.Тәртіп сақтау;

2.Бірін-бірі тыңдау;

3.Топ мүшелерінің барлығы қатысу;

Топпен жұмыстың мақсаты мен міндеті:

  1. Сайысқа түсу емес;

  2. Білімдерін кеңейту;

  3. Тақырыпты ашу;

  4. Ойды толық жеткізу;

  5. Жүйелі жұмыс істеу.

ә) Үй тапсырмасын сұрау:

І. Қызығушылықты ояту.

Мағжан өмірі мен өлеңдері туралы не білесіңдер?

Сұрақтар бойынша ізденіс жұмыстары берілген:

Мағжан өмірі туралы мәлімет;

Мағжан өлеңдері;

Мағжан поэмалары;

Мағжан туралы слайд;

Мағжан әні

б) Жаңа сабақты түсіндіру:

ІІ.Мағынаны ашу.

Жаңа сабақты өздерің білетін мәліметтермен ұштастырып, білімдеріңді толықтырасыңдар

Қазақ халқының лирик ақыны Мағжан Жұмабаев Солтүстік Қазақстан облысы қазіргі М.Жұмабаев атындағы ауданында 1893жылы дүниеге келген. Қазір Сартомар дейтін ауылда (өзінің туған жерінде) М. Жұмабаев атындағы мекетебі,мұражайы бар. Мағжанның алғашқы өлеңдерінің бірі Абайға арналып, «алтын хакім Абайға» деп аталды. «Шолпан» атты тұңғыш өлеңдер жинағы 1912 ж. Қазан қаласында жарық көрді. Мағжан өлеңдерінің негізгі тақырыбы туған жерді,елді сүю,жер-анаға деген махаббат, бостандықты аңсау,өмірге құштарлық болып табылады.

Бейнежазбадан Мағжан туралы мәлімет тыңдау.

(Мағжанның өлімі туралы тың дерек: Ресейдің Магадан қаласына Қазақстандық журналистер Мағжанның немересімен, Абдолла атамен бірге барып қабірі жатқан жерді іздейді)

Мағжан Жұмабаев (1893-1938)

1.Ақын 2. Зерттеуші 3. Аудармашы

өлеңдері

поэмасы

«Өмір», «Анама», «Сырым»

«Батыр Баян»

«Тоқсанның тобы»

«Қобылбайдың қобызы»

«Педагогика»

«Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні»

«Ақ боз ат»

«Большевик баласы»

Г.Гейне,Лермонтов,

А.Блок,М.Горький

Мағжан «Сүйемін» өлеңі. Өлеңді мәнерлеп оқу.

ІІІ. Ой шақыру.

(Оқып болған соң сұрақ қойылады, өлеңде не туралы айтылған? Әр топ,ә р шумағында не айтылғанын түсіндіру.)

А) Осы өлеңді жан-жақты талдау.

Автор өлеңнің бірінші шумағында кімді сүйемін дейді? (қарт анасын)

Екінші шумағында ше? (жарын)

Үшінші шумағында ше? (Алаш елін)

Төртінші шумағында нені сүйемін дейді? (Сарыарқа жерін)

Сергіту сәті. «Қара жорға» биі.

Ә) Өлеңді «Сатылай кешенді талдау» арқылы талдаймыз.

1.Авторы-

2.Тақырыбы-

3.Жанры-

4.Идеясы-

5.Құрылысы-

6.Әдеби теориялық ұғым-

7. Тәрбиелік мәні-

1 топ — тақырыбын, жанрын,идеясын табады.

2 топ — құрылысын табады.

3 топ — әдеби теориялық ұғым бойынша теңеу, эпитеттерін табады.

4 топ — тәрбиелік мәнін табады.

Білімді бекіту: (топтастыру жүйесі арқылы бекіту) Өтілген тақырыпқа байланысты бірнеше сұрақтар қоямын.

  1. «Махаббат» деген ұлы ұғымды түсіне бастағанда біздің бойымызда қандай адамдық қасиеттер қалыптасады деп ойлайсыңдар?

  2. Біз осындай адамгершілік ұлы қасиеттерімізді кімге және нелерге арнауымыз керек?

Топтастыру жүйесі:

Жанұя құрметтеу ата-ананы жақсы көру достарды сыйлау

Махаббат

Ұстазға деген сүйіспеншілік жерін елін

Арыстандай айбатты,

Жолбарыстай қайратты,

Қырандай күшті қанатты,

Мен жастарға сенемін.

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін.

-деп Мағжан ақын жастарға, ұрпаққа сенген болса, бүгінде Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанды 2030 жылы Азия барысына айналдыратындар бүгінгі мектеп партасында отырған жасөспірімдер» деп сендерге сенім білдіріп отыр. Сондықтан Мағжандай дара тұлғалардың бізге қалдырып кеткен мұраларын көздің қарашығындай сақтап, қастерлеу — біздің парызымыз. 1- желтоқсан ҚР Президенті күніне байланысты мектебімізде қызықты іс-шаралар ұйымдастырылуда. Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы да ананы,туған елді, Отанды сүю. Сабағымызды «Жаса,Қазақстан» әнімен аяқтайық.

«Жаса, Қазақстан» әні.

Үйге тапсырма: Мағжан Жұмабаевтың «Сүйемін» өлеңін мәнерлеп оқып, жаттап алу. Шығармашылықпен жұмыс істеу (әңгіме, өлең, сурет салу)

Білімді бағалау: Оқушылырдың жауаптарына, сабаққа белсене қатысып отырғандарына қарай білімдері бағаланады.

Понравилась публикация? Поделиться прямо сейчас:
Для всех тех, кто учит детей