Ы Алтынсарин ша?ын ??гіме шебері

Содержимое материала:

Сабақтың тақырыбы: Ы.Алтынсарин — шағын әңгіме шебері

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушыларға Ы.Алтынсариннің шағын әңгімелерінің мазмұны, олардың тәрбиелік мәні,идеясы туралы түсінік беру .

2.Әңгімелерін талдай білуге,ой қорытынды жасауға. түйін жасай білуге,әр әңгімеден мақал-мәтел,айшықты сөз оралымдарын үйлестіріп таба білуге дағдыландыру.

3.Жазушының әңгімелері арқылы адамгершілік асыл қасиеттерге баулу.

Түрі:1, 3, 4 ,5 ,6, 7, 8.( ж.т.м .)

Көрнекілігі: ашық журнал,буклет,портрет,топтама,конверт.

Әдісі:сұрақ-жауап,түіндіру.интерактивті.

Барысы: Д1 Оқушыларды оқуға әзірлеу

Д2 Өткен тақырыппен жұмыс

Бүгінгі сабақ ерекше өтілетінін ескерту.Сабақ ашық журнал түрінде өтіледі.

Журналдың 1-беті:Ы.Алтынсариннің өмірбаяны.

2-беті:Ы.Алтынсариннің тұңғыш оқулығы-“Қазақ хрестоматиясы”.

3-беті:Ыбырайдың өнер-білімге арнаған өлеңдері.

4-беті:Ыбырайдың теңсіздікке арналған өлеңдері.

5-беті:Ыбырайдың табиғатқа арналған өлеңдері.

6-беті:Ыбырай-шағын әңгіме шебері.

7-беті:Ыбырай аудармалары.

8-беті:Ыбырай- ұлы ұстаз,тұңғыш ағартушы-ғалым,шебер жазушы (түйін).

Д3 Журнал беттерімен таныстырып болғаннан кейін, 1 -беттен бастап өткен тақырып бойынша түсінгендерін тексеру.

Д4 1- бет:Ы.Алтынсариннің өмірбаяны.

(2,3 оқушыдан сұрау)

Егер оқушы “өте жақсы’’ деген бағаға жауап берсе,онда оның қолына қызыл белгі беріледі,ал оқушы “жақсы” деген бағаға жауап берсе жасыл белгі , ал оқушы “орташа” деген бағаға жауап берсе ,онда сары белгі беріледі. Жауап бермегендерге ақ түс беріледі.

Д5 2-бет: Ы .Алтынсариннің тұңғыш оқулығы – « Қазақ хрестоматиясы».

(1-3 оқушыдан сұрау)

Д6 3-бет: “Ыбырайдың өнер — білімге арнаған өлеңдері”

( кезекпен -кезек кластан жатқа сұрау)

Д7 4-бет: “Ыбырайдың теңсіздікке арнаған өлеңдері”

( 3,4оқушыдан сұрау )

Д8 5 -бет: “Ыбырайдың табиғатқа арнаған өлеңдері ”

Жатқа сұрау.

Өткен тақырыпты қорытындылау.

Д9 6- бет: « Ыбырай – шағын әңгіме шебері”тақырыбы бойынша оқушылардан алдымен қай әңгімесін білетінін сұрап алу.

Д10 Ыбырай әңгімелерін ретімен айтып, жазып шығу:

  1. “Өрмекші,құмырсқа,қарлығаш”

  2. “Атымтай Жомарт”

  3. “Әке мен бала”

  4. “Бай баласы мен жарлы баласы”

  5. “Қыпшақ Сейітқұл” (еңбексүйгіштікке арналған әңгімелері)

  6. “Бақша ағаштары”

  7. “Талаптың пайдасы”

  8. “Мейірімді бала”

  9. “Аурудан аяған күштірек”

  10. “Асыл шөп”

  11. “Бір уыс мақта”

  12. “Зеректік”

  13. “Малды пайдаға жарату”

  14. “Дүние қалай етсең табылады”

  15. “Білгеннің пайдасы”

  16. “Таза бұлақ”

  17. “Әдептілік”

  18. “Жамандыққа жақсылық”

  19. “Сақып”

  20. “Әлім кісі”

  21. “Лұқпан хакім”

  22. “Данышпан қазы” т.б.

(әр түрлі адамгершілік ,асыл қасиеттерге , тәлім тәрбиеге арналған әңгімелері)

Осы әңгімелердің ішінде бұрыннан оқушылар білетін әңгімелеріне аз ғана шолу жасап ,ал көп білмейтін әңгімелеріне кеңірек тоқталу.

12 ,13 ,14 ,15 ,17 ,18 ,19 ,20 ,21 ,22-нөмірдегі әңгімелердің мазмұнын түсіндіру.

12. ”Зеректік” — Броун және өрмекші.Өрмекшінің торы мен көпірі.

13. ”Малды пайдаға жарату” – Ақылды үйші.

14. ”Дүние қалай етсең табылады” – Антон қайыршы.Бейтаныс кісі.Дүкен.

15. “Білгеннің пайдасы” – қарт ұста,Броун байдың баласы.Жауапкершілік.Іске асқан кәсіп.

18. “Жамандыққа жақсылық” – Абдулла уәзір,саудагер,Нағым көрші.

19. “Сақып” – Сақып кедей,жалаң аяқ,мүгедек,тәубаға келу.

20. “Әлім кісі” – зор Әлім ,Молда,иман уйрену.

21. “Лұқпан хакім” – Л.Хакім,сопы,кітап,ақыл.

22. “Данышпан қазы” – Бауақас патша,дауласу,молда,мұжық,әділ,төрелік.

Д11 Әр әңгіменің түсінгенін тексеру үшін сол әңгімеге мақал –мәтел құрау.

Понравилась публикация? Поделиться прямо сейчас:
Для всех тех, кто учит детей